АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ
Бұл мақалада мемлекеттердің идеологиялық мақсаттарды жүзеге асырудағы ақпараттық технологиялардың дамуы және олардың рөлі жан-жақты қарастырылады. Зерттеу барысында ақпараттық технологиялардың қоғамның барлық салаларына енуі, олардың мемле-кет саясаты мен экономикасына тигізетін ықпалына талдау жасалған. ХХ ғасырдың ортасынан бастап ақпараттық кеңістіктің қарқынды дамуы қоғамдық пікірді қалыптастыруда жаңа мүмкіндіктер ашқанын көрсетеді.Авторлар АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея және Түркия сияқты елдердің ақпараттық технологияларды идеологиялық мақсатта пайдалану тәжірибесіне салыстырмалы талдау жүргізеді. БАҚ, әлеуметтік желілер және цифрлық платформалардың ақпараттық ықпал ету құралдары ретіндегі маңызы ерекше атап өтіледі.Сондай-ақ, мақалада ақпараттық қауіпсіздік, саяси пропаганда, қоғамдық санаға әсер ету стратегиялары қарастырылып, әртүрлі елдердің әдістері сараланады. Бұл зерттеу қазіргі заманғы ақпараттық саясат пен технологиялардың өзара байланысы мен ерекшеліктерін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 86, № 2
- Язык
- Казахский
- Издатель
- Kazakhstan Institute for Strategic Studies under the President of the Republic of Kazakhstan
- Аффилиации
- Астана халықаралық университеті,Ғылыми жоба жетекшісі, саяси ғылымдардың кандидаты, профессор
«Қоғамдық келісім» РММ-сі жетекші сарапшысы,саясаттану бойынша PhD
Астана халықаралық университеті, Ғылыми жоба бойынша ғылыми қызметкер