САЯСИ РЕФОРМАЛАРДЫҢ КОНТЕКСТІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРТИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУЫ
Мақалада саяси партиялардың және жалпы партиялық саяси жүйенің қалыптасу және даму үдерісі, оның эволюциясы мен перспективасын қарастырады. Зерттеу мақаласын дайындауда сенімді архивтік деректер мен партияның бағдарламалық құжаттары пайдаланылды және ол тақырыпты ашуда таптырмас негізді құрады.Қарастырылып отырған кезеңге сәйкес Қазақстандағы конституциялық реформалардың, сайлаудың заңнамалық базасын және олардың саяси шешімдерді әзірлеудегі саяси партиялардың қызметін нығайтудағы маңызы, сондай-ақ парламенттік және президенттік сайлаудағы саяси партиялардың стратегиясы мен тактикасы, сайлау жүйесі мен саяси институттардың тиімділігіне назар аударылды. Осы тұрғыда жалпы қоғамды, оның ішінде партиялық жүйені демократияландыру жөніндегі комиссиялардың қызметі сараланады. Бұл процесс Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың дамуымен және азаматтық қоғамның қалыптасуымен тығыз байланыста зерттеледі. Осыған қоса партиялардың бағдарламаларына ішінара талдау қазақстандық партиялық жүйенің бағытын дизайндауға мүмкіндік берді.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 86, № 2
- Язык
- Казахский
- Издатель
- Kazakhstan Institute for Strategic Studies under the President of the Republic of Kazakhstan
- Аффилиации
- ҚР ҒЖБМ ҒК «Мемлекет тарихы институтың» бас ғылыми қызметкері,саяси ғылымдарының докторы
ҚР ҒЖБМ ҒК «Мемлекет тарихы институтының» директоры, PhD
ҚР ҒЖБМ ҒК «Мемлекет тарихы институтың» бөлім басшысы, әлеуметтану магистрі