КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ: СТРАТЕГИЯЛАР МЕН ТӘЖІРИБЕЛЕР
Креативті экономика әлемнің әртүрлі елдерінде экономикалық өсудің және әлеуметтік трансформацияның негізгі факторларының біріне айналуда. Мақалада Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Канада, Индонезия және Қазақстан мысалдары арқылы креативті индустрияны қолдаудың мемлекеттік стратегиялары қарастырылған. Cондай-ақ, экспорттық стратегиялардың ерекшеліктері мен негізгі міндеттері, мемлекеттік қолдау тетіктері мемлекеттік секторды дамытудағы рөлі талданады. Мемлекеттік саясаттың үш негізгі моделі анықталды: нарықтық (Ұлыбритания), орталықтандырылған (Оңтүстік Корея) және әлеуметтік бағдарланған (Канада). Алынған нәтижелер Қазақстанда және басқа елдерде креативті индустрия саласындағы тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін пайдалы болуы мүмкін.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 86, № 2
- Язык
- Казахский
- Издатель
- Kazakhstan Institute for Strategic Studies under the President of the Republic of Kazakhstan
- Аффилиации
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтыЛ.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Саясаттану» кафедрасының Ph.D докторы, аға оқытушы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Саясаттану» кафедрасының профессор м.а.