Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМ МЕН БИЛІК ДИАЛОГЫН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИА

Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік органдар мен халық арасындағы өзара қарым-қатынастың тиімділігін арттыру және трансформациялау міндеті тұр. Бұл зерттеу Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында атап көрсетілген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында әлеуметтік медианың рөлін қарастырады. Зерттеуде сипаттамалық, аналитикалық және салыстырмалы әдістер қолданылып, мемлекеттік билік пен азаматтық қоғамның өзара әрекет-тесуіндегі әлеуметтік желілердің ерекшеліктері талданады. Сондай-ақ, қайталама деректерді өңдеу әдістері пайдаланылды, оның ішінде ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының мәліметтері, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ деректері негізінде көрсеткіштер талданды. Әлеуметтік желілер сындарлы диалогтың алаңы ретінде қарастырылады, ал олардың саяси және әлеуметтік әсері зерттеудің негізгі бағытына айналды.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 85, № 1
Язык
Казахский
Издатель
Kazakhstan Institute for Strategic Studies under the President of the Republic of Kazakhstan
Аффилиации
КЕАҚ «Торайғыров Университет», «Философия және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының профессоры, саяси ғылымдарының кандидаты
КЕАҚ «Торайғыров Университет», профессор, саяси ғылымдарының докторы
КЕАҚ «Торайғыров Университет», «Философия және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы