ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ДАМУЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕРМЕН ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫСТАРЫНЫҢ ТАРИХЫ (1991-2021 жж.)
Бұл мақалада Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақытта 1991-2021 жылдар аралығында жақын және алыс шетелдермен қарым-қатынастар орнатуы, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени әріптестік байланыстары тарихи-саяси аспектіде қарастырылған. Соның ішінде жекелеген облыстар да аймақтық сыртқы саясатта шетелдермен қарым-қатынастар жасауы жеке зерттеу нысаны етіп алынған. Атап айтсақ, Жамбыл облысының өңірлік дамуына назар аударсақ, облыс әкімшілігі Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісе отырып, шетелдермен әріптестік байланыстар орнатып, агроөнеркәсіп, тау-кен ісі, химия өнеркәсібі, фосфор, алтын өндіру, уран өндіру және тағы басқа салалар бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асырғандығы байқалады. Осындай Жамбыл облысының өңірік дамуын зерделеу үшін тарихнамалық әдебиеттерден Шетелдік және Отандық авторлардың еңбектеріне талдау жасалып, архив материалдары ғылыми айналымға тартылды.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · № 4
- Язык
- Казахский
- Издатель
- Kazakhstan Institute for Strategic Studies under the President of the Republic of Kazakhstan
- Аффилиации
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры, PhD, (Астана, Қазақстан,)
Ш.Есенов атындағы КТИУ, “Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының меңгерушісі(Ақтау, Қазақстан)