Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ АКТИВТЕР АЙНАЛЫМЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мақалада Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер айналымын құқықтық реттеу мәселелері қарастырылады. Атап айтқанда, криптовалютаның айналымы мен еліміздегі криптобиржалардың қызметі талданып, криптоиндустрия нарығындағы криптоинвесторлар кездесетін тәуекелдер жан-жақты сараланады.Авторлардың пікірінше, криптовалюта айналымын құқықтық реттеу барысында жедел шешімін қажет ететін бірқатар мәселелер бар. Қазіргі таңда жеке тұлғалардың криптовалютамен заңсыз операциялар жүргізуіне байланысты құқықбұзушылықтар саны артқан. Мақаланың мақсаты – Қазақстандағы цифрлық активтер айналымын реттейтін заңнамаға шолу жасау, қалыптасқан жағдайды бағалау және криптовалюта нарығының қазіргі даму кезеңінде криптоинвесторлар үшін туындайтын тәуекелдерді талдау. Отандық криптонарықтағы өзекті мәселелерді талқылау нәтижесінде және мақаланың қорытынды бөлімінде авторлар заманауи талаптарға сай келетін заңнамалық өзгерістердің қажеттілігін атап көрсетіп, нақты ұсыныстар жасайды. Олардың пікірінше, цифрлық активтерді қолдану аясын одан әрі кеңейту қолданыстағы активтердің күрделенуіне және цифрлық активтерге қатысты жаңа құқықтық, әрі экономикалық қатынастардың қалыптасуына алып келеді. Сондықтан, заңнамалық негіз болғанымен, оны қазіргі заманның қажеттіліктеріне сәйкестендіру үшін үнемі жетілдіріп отыру қажет.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 37, № 3
Язык
Казахский
ISSN
2518-7252
Издатель
The State Institution "Academy of Law Enforcement Agencies under the Prosecutor General's Office of the Republic of Kazakhstan
Аффилиации
Alikhan Bokeikhan University, Семей қ., Қазақстан Республикасы