Қазақстан Республикасы азаматтарының репродуктивті құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру мәселелері
Ғылыми мақала қазақстандық азаматтардың репродуктивті денсаулықты қорғауға, оның ішінде Қазақстан Республикасында рұқсат етілген қосалқы репродуктивті әдістер мен технологияларды қолдана отырып, бедеулікті емдеуге немесе еңсеруде өз конституциялық құқығын іске асыру мәселелерін талдауға және шешуге арналған. Авторлар репродуктивті денсаулықты қорғау, денсаулық сақтау, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету, қосалқы репродуктивті әдістер мен технологияларды қолдану, отбасы құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы заңнаманы және тәжірибені зерттейді. Заңнама мен құқық қолдану тәжірибесін жан-жақты және терең талдау авторларға қазақстандық азаматтар мен отбасыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің сақтандырылған қатысушылары ретінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен қоса алғанда, қосалқы репродуктивті әдістер мен технологияларды қолдану арқылы өздерінің бедеулікті емдеуде немесе еңсеруде репродуктивті құқықтарын іске асыруға кедергі келтіретін елеулі мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді. Жұмыс соңында авторлар қарастырылып отырған құқықтық қатынастар саласында қазақстандық заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар береді.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 36, № 2
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2518-7252
- Издатель
- The State Institution "Academy of Law Enforcement Agencies under the Prosecutor General's Office of the Republic of Kazakhstan
- Аффилиации
- Тұран университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты, Астана қ., Қазақстан Республикасы