ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР САУДАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЕРЕКШІЛІКТЕРІ
Мақалада Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар саудасының қазіргі жағдайы, оның жасалу ерекшеліктері және осы қылмыспен күресудің құқықтық және практикалық аспектілері қарастырылады. Зерттеу барысында авторлар қолданыстағы заңнаманың кәмелетке толмағандар саудасына қатысты нормаларын талдап, құқық қорғау органдарының осы қылмысқа қарсы жүргізіп жатқан іс-шараларына ерекше назар аударады. Зерттеудің мақсаты – кәмелетке толмағандар саудасына байланысты қылмыстық проблемаларды ашып көрсету және осы қылмыстарды тиімді алдын алу мен күресудің жолдарын ұсыну. Авторлар бұл бағытта заңнаманы жетілдіру және жаңа туған балаларға заманауи технологияларды қолдану арқылы алдын алу шараларын күшейту қажеттігін атап көрсетеді. Мақала кәмелетке толмағандар саудасы мәселелеріне қызығушылық танытқан ғалымдар мен құқық қорғау саласы қызметкерлеріне және кең оқырманға арналған.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 36, № 2
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2518-7252
- Издатель
- The State Institution "Academy of Law Enforcement Agencies under the Prosecutor General's Office of the Republic of Kazakhstan
- Аффилиации
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы, Қосшы қ., Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Астана қ., Қазақстан Республикасы