Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ ОТБАСЫЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ

Мақала еліміздегі және шет елдердегі отбасылық кәсіпкерліктің даму деңгейін салыстырмалы-құқықтық талдауға арналған. Жұмыста отбасылық кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретіндегі өзекті мәселелері, отбасылық кәсіпкерлікке тән ерекшеліктер, оның даму сипаты анықталды. Отбасылық кәсіпкерлікті заңнамалық тұрғыда бекітудің шетелдік тәжірибесі мысалдар негізінде талданды, шет мемлекеттердің отбасылық кәсіпкерлік туралы заңнамаларына жалпылама шолу жасалды. Отбасылық кәсіпкерлікті жеке құқықтық институт ретінде қарастырып, еліміздің заңнамасына енгізілу тиіс өзгерістер мен ұсыныстар тізбесі көрсетілді. Аталған жұмыста ел экономикасын дамыту үрдісіндегі отбасылық кәсіпкерліктің артықшылықтары, оның құқықтық маңыздылығы жан-жақты талқыланды. Отбасылық кәсіпкерлікке қатысты нақты реттейтін нормативтік құқықтық актінің болмауына байланысты оған заңды анықтама берілмеген. Сондықтан мақалада кәсіпкерліктің бұл түрін заңнамалық тұрғыдан реттеуде ерекше назар аудару керектігіне мән беріледі. Зерттеу нәтижесі ретінде отбасылық кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау және қорғау қажеттілігі, отбасы мүшелерінің кәсіпкерлік қызметін дамытуға бағытталған арнайы әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу керектігі алға тартылады.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 35, № 1
Язык
Казахский
ISSN
2518-7252
Издатель
The State Institution "Academy of Law Enforcement Agencies under the Prosecutor General's Office of the Republic of Kazakhstan
Аффилиации
«Астана» халықаралық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы