Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН САҚТАНДЫРУ: ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ СҰРАҚТАРЫ

Мақалада Қазақстан Республикасында енгізіліп жатқан медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесінің құқықтық негізіне талдау жасалынады. Сақтандырудың осы түрін қолданыстағы жүйеге интеграциялау табысты әлемдік тәжірибелерді ескере отырып жүргізілуде және авторлар оны енгізудің қажеттігін елімізде қалыптасқан шұғыл қажеттілікпен түсіндіреді. Қазақстанда медицина қызметкерлерінің кәсібилігіне қатысты даулар туындаған кезде медицина қызметкерлерін қорғаудың жүйесі мен тиімді құралдары жоқ, дәрігерлік қателіктердің ресми статистикасы жүргізілмейді, науқастардың құқықтарын қорғау үшін мамандандырылған нормативтік құқықтық актілер жоқ, ал медициналық көмек көрсету деңгейі науқастардан келіп түскен шағымдардың саны бойынша бағалануда. Ғылыми зерттеудің мақсаты медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізудің өзектілігіне және заңнамалық реттеудің қабылданған тәртібіне талдау жүргізу болып табылады. Аталған мақсатқа жету үшін авторлар жаңадан қабылданған нормативтерді, заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды жан-жақты талқылайды, қорытындылар мен ұсыныстар жасайды.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 35, № 1
Язык
Казахский
ISSN
2518-7252
Издатель
The State Institution "Academy of Law Enforcement Agencies under the Prosecutor General's Office of the Republic of Kazakhstan
Аффилиации
Alikhan Bokeikhan University, Семей қ., Қазақстан Республикасы