ПАРАСАТТЫЛЫҚТЫ ЖАСЫРЫН ТЕКСЕРУ (INTEGRITY CHECK) СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚҰРАЛ РЕТІНДЕ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Мақалада мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шарасы ретінде парасаттылықты жасырын тексеру (Integrity Check) талданады. Кездейсоқ және нысаналы тексерулерді, сондай-ақ олардың басты ерекшеліктерін қоса алғанда тексерулердің анықтамасы мен түрлері сипатталады. Бұл құралды халықаралық тәжірибеде, оның ішінде АҚШ, Австралия, Румыния, Молдова, Венгрия және Сингапур елдерінде қолдану мысалдары қарастырылады. Оның нәтижесінде сыбайлас жемқорлық мінез құлқының алдын алуда және мемлекеттік басқарудың ашықтығын нығайтуда оң әсерін береді. Мақалада кәсіби парасаттылыққа тексерудің қазақстандық тетігін енгізудің ретроспективті талдауы жасалады. Кәсіби парасаттылыққа тексерудің ситуациялық жағдайларының мысалдары талданған. Нәтижесінде ықтимал тәуекелдер анықталды. Авторлар заңнамалық реттеудің, қызметкерлерді даярлаудың және пропорционалдылық пен этика қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын көрсетіп, Integrity Check-ті сәтті енгізу бойынша ұсыныстар жасайды. Оған қоса мақалада жасырын тексерулермен байланысты ықтимал шектеулер мен тәуекелдер, сондай-ақ оларды азайту жолдары қарастырылған. Тиісінше, бұл осындай құралды енгізуді жоспарлап отырған елдер үшін мақаланың өзектілігін көрсетеді.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · Т. 34, № 4
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2518-7252
- Издатель
- The State Institution "Academy of Law Enforcement Agencies under the Prosecutor General's Office of the Republic of Kazakhstan
- Аффилиации
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, Қосшы қ., Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, Қосшы қ., Қазақстан Республикас