ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚОРҚЫТУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мақала Қазақстан Республикасында тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде туындайтын қорқытудың кейбір проблемаларын талдау мақсатында орындалды. Мақалада жәбірленушілер кездесетін қорқытудың әртүрлі формалары, соның ішінде психологиялық зорлық-зомбылық талданды. Негізгі назар құрбандарды қорғаудың құқықтық және әлеуметтік тетіктеріне аударылады, сондай-ақ қолданыстағы заңнамалық және нормативтік актілердің тиімділігі зерттелді. Авторлар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласындағы заңнаманың ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізіп қана қоймай, Қазақстан Республикасының қылмыстық-құқықтық заңнамасында жәбірленушілердің құқықтарын қорғауды күшейту бойынша ұсынымдар ұсынады. Зерттеу қылмыстық-құқықтық аспектілерге және статистикалық деректерді талдауға негізделген, бұл Қазақстан Республикасындағы проблеманың ауқымы мен ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Сведения
- Журнал
- Bulletin of the CAA
- Опубликовано
- 2024 · Т. 32, № 2
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2413-8614
- Издатель
- JSC "Academy of Civil Aviation
- Аффилиации
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, Қосшы қ., Қазақстан Республикасы