Central AsianResearch Index

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ПАЙДАЛАНУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

Экологиялық мәселелер күн тәртібінде тұрған Қазақстан Республикасында экология саласына жасанды интеллектті енгізу мүмкіндігі қоршаған ортаның жағдайын жақсарту жолындағы маңызды қадам ретінде қарастырылуда. Дегенмен, бұл технологиялар ұсынатын көптеген артықшылықтарға қарамастан, оларды пайдалану заңнамалық және реттелуі тұрғысынан өзекті болып табылады. Зерттеу қоғамның үйлесімді дамуын және планетамыздың табиғи ресурстарын сақтауды қамтамасыз етудің маңызды қадамы болып табылатын осы саладағы құқықтық реттеудің ең тиімді әдістерін табуға бағытталған. Бұл мақалада қоршаған ортаны қорғау саласында жасанды интеллектті пайдалануға қатысты заңнамалық талдау жасалынған. Авторлар нақты мақалада осы саланың заңнамалық реттелуін зерттеп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жасанды интеллектті қолданудың заңнамалық принциптеріне тоқталып, экологиялық салаға жасанды интеллектті енгізу кезінде туындайтын негізгі мәселелерді жан- жақты қарастырып, оларды шешудің мүмкін жолдарын ұсынады, бұл өз кезегінде экологиялық мәселелерді тиімдірек шешуге мүмкіндік береді.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 32, № 2
Язык
Казахский
ISSN
2413-8614
Издатель
JSC "Academy of Civil Aviation
Аффилиации
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Шымкент университеті, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы