ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАЛАЛАРЫ МЕН ЖАСТАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Авторлармен ұсынылған мақалада, біздің еліміздегі балалар мен жастардың қылмыс жасауының негізгі себептері қарастырылады. Қолайсыз өмірлік жағдайларды, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің өмір сүру жағдайларын, біздің қоғамда орын алатын жағымсыз факторларды талдау, болашақ ересек қылмыскерлердің қалыптасуына негіз болады деген қорытындыға келуге мүмкіндік береді. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың деңгейі, ел халқының әлеуметтік және моральдық- адамгершілік жағдайының басты көрсеткіші болып табылады. Қазақстандағы жалпы қылмысқа қарсы күрес, жасөспірімдер қылмысының көрсеткішін төмендетуге бағытталған, уақтылы профилактикалық жұмыстарды жүзеге асырған жағдайда ғана тиімді болуы мүмкін. Қазіргі әлемде, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасау түрлері мен тәсілдері және олардың күрделілігіне қарай, айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Жасөспірімдер қылмысы ерекше қатыгездікпен, өзімшілдікпен және ұйымшылдықпен ерекшеленеді, сондықтан олар біздің азаматтар үшін аса қауіпті. Мақалада, Қазақстандағы балалар мен жастардың арасындағы қылмыстың қазіргі жағдайы қарастырылады және талданады. Ұсынылған ресми статистика негізінде, ағымдағы жылдың қаңтар айы, өткен ұқсас кезеңдермен салыстырғанда, Қазақстан бойынша балалар мен жастардың жасаған қылмыстарының динамикасы зерттеледі.
Сведения
- Журнал
- Bulletin of the CAA
- Опубликовано
- 2024 · Т. 32, № 2
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2413-8614
- Издатель
- JSC "Academy of Civil Aviation
- Аффилиации
- Еуразиялық технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы