ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША МАЛДЫ БІРНЕШЕ РЕТ ҰРЛАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мақала Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы бойынша қайталанатын қол сұғушылық үшін белгіленетін қылмыстық жауаптылықтың кейбір мәселелеріне арналған. Авторлардың пікірлері бойынша мүлікке қайталап қол сұғушылық жасаудың қоғамдық қауіптілігінің жоғарылығын есепке алу мәселесі қылмыстар рецидивінің қолданыстағы заңды құрылымына байланысты күрделене түсуде. Қылмыстың санаттық тиістілігіне сүйене отырып, елімізде кеңінен таралған әрекеттер бойынша нақты рецидивтің бірқатары арнайы есепке алудан тыс қалуда. Зерттеушілер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы бойынша қайталанып және жүйелі түрде жасалатын қол сұғушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық параметрлерін барынша мұқият саралай отырып, заңнамалық есепке алу қажет деп санайды. Авторлардың пікірінше, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 6-тарауына енгізілген бөтеннің мүлкін жымқыру мен қорқытып алу (жымқырудың арнайы құрамынсыз) шеңберінде қылмыстардың арнайы бірнеше рет жасалуы мен арнайы рецидив белгілерін қолданған жөн сияқты. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының ерекше саралаушы белгілері ретінде малды жүйелі түрде ұрлау немесе кәсіпқойлық түрінде деген белгілерді қарастыруды ұсынады.
Сведения
- Журнал
- Bulletin of the CAA
- Опубликовано
- 2024 · Т. 31, № 1
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2413-8614
- Издатель
- JSC "Academy of Civil Aviation
- Аффилиации
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы
Қазтұтынуодағының Қарағанды университеті, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы