Central AsianResearch Index

КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУДЕГІ РӨЛІ

Мақалада келісу комиссиясының Қазақстандағы жеке еңбек дауларын сотқа дейін реттеу құралы ретіндегі қызметіне, оны құқықтық реттелу негіздеріне шолу жасалынған. Авторлармен комиссия қызметіне қатысты еңбек заңнамасына енгізілген соңғы жаңалықтарға талдау жүргізілген. Зерттеудің өзектілігі 2016 жылдың басынан бастап жеке еңбек дауларын қарау тәжірибесіндегі түбегейлі өзгерістерге қарамастан, олардың басым көпшілігі әлі де сот арқылы шешіліп жатқандығы және бұл жағдай өз кезегінде қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтардың туындауы және шиеленісу қаупін арттыратындығына байланысты. Зерттеудің мақсаты келісу комиссиясының еңбек дауларын шешу құралы ретіндегі тиімділігін зерттеу болып табылады, бұл сайып келгенде қызметкер мен жұмыс берушінің еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету шеңберінде еңбек заңнамасын жетілдіру жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу авторлары еңбек қатынастарына қатысушылар жеке еңбек дауларын сотқа дейін реттеу мүмкіндігін сирек пайдаланудың себептерін анықтауға тырысқан, соның негізінде еңбек дауларын шешуде келісу комиссиясының маңыздылығын арттыруға бағытталған теориялық және практикалық сипаттағы ұсыныстар жасалады. Мақалада жұмыс беруші тарапынан келісу комиссиясын құру және оның жұмыс істеуі мәселесіне жауапкершілікпен қарау қажеттілігі туралы қорытынды жасалады.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 31, № 1
Язык
Казахский
ISSN
2413-8614
Издатель
JSC "Academy of Civil Aviation
Аффилиации
Alikhan Bokeikhan University, Семей қ., Қазақстан Республикасы