ӘКІМШІЛІК ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ КЕЛІСУ РӘСІМДЕРІНІҢ ТАҢДАУЛЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мақалада 2021 жылдың 1 шілдесінде күшіне енген Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы No350-VI-ЗРК Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын қолдану кезіндегі әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік іс жүргізудің жекелеген ерекшеліктері қарастырылған. Мақаланың мақсаты – Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберінде жария-құқықтық дауларды шешудегі әкімшілік рәсімдердің, әкімшілік іс жүргізудің және бітімгершілік рәсімдердің ерекшеліктерін зерделеу, сондай-ақ оны қолданудың жекелеген проблемалық мәселелерін талдау. Зерттеуде танымның жалпы ғылыми және арнайы құқықтық әдістері қолданылды. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс нормаларының енгізілуімен мемлекеттік органдардың ішкі және сыртқы әкімшілік рәсімдерді де жүзеге асыру тәртібі, сондай-ақ әкімшілік органның немесе оның қатысуымен жария-құқықтық дауларды шешу бойынша әкімшілік іс жүргізу оңтайландырылды. Мақалада соттардың жария-құқық дауларды шешу кезінде бітімгершілік рәсімдерін пассивті, бастапқы кезеңде, жария-құқықтық дауларды шешу кезінде татуластыру рәсімдерін қолдану мәселелері қозғалады. Бақылаушы мемлекеттік органдардың тыйым салу және шектеу шараларын қолдану туралы сотқа талап-арыздарды беру тәжірибесін негізге ала отырып, осы санаттағы істерді қарауды Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне ауыстыру ұсынылады.
Сведения
- Журнал
- Bulletin of the CAA
- Опубликовано
- 2024 · Т. 31, № 1
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2413-8614
- Издатель
- JSC "Academy of Civil Aviation
- Аффилиации
- «Тұран-Астана» университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы