СОТ ЖҮЙЕСІНЕ ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ САПАСЫНА ДЕГЕН СЕНІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ (2023 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНА ҚАРАЙ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ МАТЕРИЯНЫ ТАЛДАУ)
Осы мақалада «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға авторлық түсініктеме беріледі. Аталған нормативтік акт оның Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына және құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкестігі тұрғысынан талданады. Заң үстемдігі мен қоғамдық әл-ауқатты қолдаудағы сенімге лайық сот билігінің негізгі рөлін мойындай отырып, авторлар проблеманың көп қырлы аспектілерін Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіне енгізілетін «халықаралық стандарттар» призмасы арқылы қарастырады. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның анықталған жекелеген кемшіліктерінің синтезіне сүйене отырып, авторлар ескірген, тиімсіз іске асырылатын, артық бланкеттік және оның сілтемелік нормаларын өзгертуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық факторларының болуына қатысты өз көзқарасын ұсынады.
Сведения
- Журнал
- Bulletin of the CAA
- Опубликовано
- 2023 · Т. 30, № 4
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2413-8614
- Издатель
- JSC "Academy of Civil Aviation
- Аффилиации
- Парламентаризм институты, Астана қ., Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, Қосшы қ., Қазақстан Республикасы