Central AsianResearch Index

АЛДЫН АЛУ ПРОФИЛАКТИКАСЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ РЕТІНДЕ

Мақала кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарға байланысты проблемаларды зерттеудің өзекті бағыттарына арналған. Кәмелетке толмағандардың қылмысы белсенділіктің жоғары деңгейімен, динамикалығымен және топтық сипатымен ерекшеленеді. Кәмелетке толмаған жасында қылмыс жасау жолына түскен адамдарды түзету және қайта тәрбиелеу қиын және ересек қылмыс үшін резерв болып табылады. Авторлар жасөспірімдер қылмысының өзекті себептері мен жағдайларын зерттеу, жасөспірімдердің құқыққа қайшы мінез-құлқының себептік кешенінің заңдылықтарын анықтау жастар арасындағы қылмыстың өсуін төмендетуі мүмкін деп санайды. Мақалада кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың ерте алдын алынуына талдау жасалады, оның бағыттары мен тиімділігі, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсу себептері қарастырылады. Авторлар қылмыстың алдын алу маңызды қолданбалы мәнге ие деп санайды және оны уақытылы және дұрыс ұйымдастырылған түрде жүзеге асыру кәмелетке толмағандардың қылмыс көрсеткіштерінің төмендеуіне белгілі бір дәрежеде әсер етуге мүмкіндік береді.

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 30, № 4
Язык
Казахский
ISSN
2413-8614
Издатель
JSC "Academy of Civil Aviation
Аффилиации
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің М. Есболатов атындағы Алматы академиясы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы