Central AsianResearch Index

«ЖОЛ ЖҮРІСІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР: ЭЛЕКТР САМОКАТТЫ, ШАҒЫН ЭЛЕКТР КӨЛІГІ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мақалада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңына («шағын электр көлігі құралы» және «электр самокаттары» ұғымдары, олардың иелерінің құқықтары мен міндеттері) түзетулер қарастырылады, ағымдағы жылғы 29 маусымда қабылданды. Сонымен қатар осы өзгерістердің қазіргі жол қозғалысы мен ұтқырлық дәуіріндегі маңыздылығы мен салдары талданды. Авторлар шағын электр көлігі құралдарын, электр самокаттарды пайдаланудың құқықтық аспектілеріне, реттеу ерекшеліктеріне және олардың жол қозғалысын ұйымдастыруға әсеріне байланысты мәселелерді қарастырды. Атап айтқанда, авторлар шағын электр көлігі құралдарын, электр самокат ұғымдарын бір ұғыммен атауды, жолдың оң жақ жиегіне шығарудың артықшылықтары мен қолданыста енгізгенде туындайтын мәселелеріне тоқталды.

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 30, № 4
Язык
Казахский
Цитирований
10
ISSN
2413-8614
Издатель
JSC "Academy of Civil Aviation
Аффилиации
Парламентаризм институты, Астана қ., Қазақстан Республикасы