Central AsianResearch Index

ШЕТЕЛДІК МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЖАППАЙ ТӘРТІПСІЗДІКТЕР ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Мақала шетелдік мемлекеттердің заңнамасындағы жаппай тәртіпсіздіктер субъектілерінің қылмыстық жауапкершілігін саралау мәселелерін зерттеуге арналған. Шетелдік тәжірибені зерттеу заңгерге жаңа көкжиектер ашады және оған өз елінің құқығын жақсы білуге мүмкіндік береді. Авторлар қоғамдық тәртіпті бұзған жаппай тәртіпсіздіктер үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін шет елдердің қылмыстық заңнамасына салыстырмалы талдау жүргізеді. Мақалада жаппай тәртіпсіздік субъектілерін шетелдердің заңнамасы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесінің өзектілігі айтылады. Авторлар зерттелетін елдердің заңнамасында қылмыс субъектісінің жасы бірдей емес деген қорытынды жасайды. Бұл зерттеу шетелдердегі қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың тиімділік деңгейін талдауға мүмкіндік береді. Авторлар жаппай тәртіпсіздіктер барлық мемлекеттерде қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс ретінде танылады деген қорытынды жасайды.

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 29, № 3
Язык
Казахский
ISSN
2413-8614
Издатель
JSC "Academy of Civil Aviation
Аффилиации
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің М. Есболатов атындағы Алматы академиясы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы