ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ «ЖАСЫЛ» МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДАМУЫН ЗАҢНАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мақала авторларымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу қызметін реттейтін заңнамасындағы экологиялық критерийлерге шолу жасалынып, мемлекеттік «жасыл» сатып алу концепциясын заңнамалық қамтамасыз ету деңгейіне талдау жасалынған. Экологиялық талаптарға сай тауарлар мен қызмет түрлерінің артықшылық алу мүмкіндіктерінің іс жүзінде жүзеге асуы бағаланады. Отандық заңнамамен қатар Еуропа елдеріндегі «жасыл» мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру тетіктері талқыланған. Еуропалық Одақ мемлекеттерінде қол жеткізілген үздік тәжірибеге ерекше мән беріліп, олардың елімізде қолданылу мүмкіндіктері қарастырылған, заңнаманы жетілдіру бағытындағы ұсыныстар берілген. Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму қағидаттарына негізделген мемлекеттік саясаттың маңыздылығын ескере отырып, авторлар жаңа дефиницияларды енгізуді ұсынады және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада «жасыл» мемлекеттік сатып алу тетіктерін енгізу жолдарын қарастырады. Сонымен қатар «жасыл» мемлекеттік сатып алу институтының елімізде толыққанды қолданысқа енуі үшін қажет өзгерістер тек мемлекеттік сатып алу қызметін реттейтін нормативтік актілерді ғана емес, сонымен қатар тұрақты мемлекеттік сатып алулар, жасыл экономикаға көшу мен экологиялық таңбалау бағыттарындағы заңнамаларды жетілдірумен бірге жүруі тиіс деген қорытынды жасалынады.
Сведения
- Журнал
- Bulletin of the CAA
- Опубликовано
- 2023 · Т. 29, № 3
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 2413-8614
- Издатель
- JSC "Academy of Civil Aviation
- Аффилиации
- Alikhan Bokeikhan University, Семей қ., Қазақстан Республикасы