ТЕРРОРИЗМДІ БОЛЖАУ МЕН ОҒАН ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ҚОЛДАНУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕГЕ ШОЛУ
Қазіргі тәжірибеге сүйене отырып, терроризмді болжауда және онымен күресте жасанды интеллекттің шешуші маңыздылығын байқауға болады. Бұл дағдарысқа қарсы шараларды қолдану әдістері мен дәрежесін анықтауда маңызды рөл атқарады. Бұл мақалада діни экстремизм мен терроризмді болжау мен оған қарсы күресте жасанды интеллектті қолданудың халықаралық тәжірибесі мен қазіргі жағдайы талданады, сонымен қатар DEXTER, Malicious use of artificial intelligence (MUAI), deepfake, Human intelligence (HUMINT) технологияларын және т.б. қолдану тәжірибесінің кейбір белгілі артықшылықтары мен кемшіліктері зерттеледі. Терроризмге қарсы күрес үшін технологияларды пайдалану процесінде шешілуін қажет ететін этикалық және моральдық мәселелерге назар аударылады. Мақаланың мақсаты-әлемдегі терроризмнің алдын алу және оған қарсы тұру үшін жасанды интеллектті қолданудың қазіргі жағдайы мен тәсілдеріне шолу.
Сведения
- Журнал
- Bulletin of the CAA
- Опубликовано
- 2023 · Т. 29, № 3
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2413-8614
- Издатель
- JSC "Academy of Civil Aviation
- Аффилиации
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, Қосшы қ., Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана қ., Қазақстан Республикасы