Central AsianResearch Index

ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ТЕРГЕУЛІКТІ БЕЛГІЛЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Бұл мақалада автор қылмыстық істер бойынша тергеулікті белгілеудің кейбір мәселелерін қарастырып, қылмыстық процесте орын алатын проблемалы мәселелерді көрсетеді. Отандық және шетел ғалымдарының ғылыми еңбектеріндегі қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеу жүргізу және анықтау бойынша тергеулікті белгілеудің критерийлері зерттеліп, қылмыстық істердің тергеулігін реттейтін нормативтік нұсқамалар жүйесінен қылмыстық істің екі белгісін құрайтын жалпы тергеулік ережесі ұсынылады. Оған қоса автор статистикалық мәліметтерді талдап, тергеулікті белгілеу саласындағы жай-күйді сипаттайды. Сонымен бірге тергеулікті, оның ішінде баламалы тергеулікті белгілеуде прокурордың өкілеттілігі сипатталады. Аталған мәселені нормативтік реттейтін ҚПК-нің тиісті нормалары зерделеніп, прокурордың айрықша тергеулігі реттелетін нормалар сыналады. Қорыта келе, тергеулікті белгілеудің оңтайлы ережесі тұжырымдалып, аталған мәселені шешудің жолдары ұсынылады.

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 29, № 3
Язык
Казахский
ISSN
2413-8614
Издатель
JSC "Academy of Civil Aviation
Аффилиации
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, Қосшы қ., Қазақстан Республикасы