Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ

Мақалада жергілікті өзін-өзі басқару мәселесінің Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бүгінгі таңға дейін қоғамдық-саяси, құқықтық, әлеуметтік тұрғыдан көптеген өзгерістерге ұшырағандығы зерттелген. Нормативтік құқықтық база зерттеліп, шетелдік тәжірибе қарастырылған, статистикалық мәліметтер мен тиісті ұсыныстар берілген. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін жетілдіруге болатын сапалы тәсілдерді бекіту мақаланың мақсаты болып табылады. Бұл ретте жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері арасында функциялар мен тапсырмалардың жүйесінің болмауы Қазақстан үшін бүгінгі таңда өзекті мәселе болып табылатыны дәлелденді. Авторлар аталған мәселелердің шешу жолдарын ұсынады, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту арқылы халықтың мүдделері мен қажеттіліктерін неғұрлым тиімді және жедел қанағаттандыруға мүмкіндік беретіні анықталды, бұл Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 28, № 2
Язык
Казахский
ISSN
2413-8614
Издатель
JSC "Academy of Civil Aviation
Аффилиации
Alikhan Bokeikhan University, Семей қ., Қазақстан Республикасы