ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕ СОТТЫҢ БЕЛСЕНДІ РӨЛІ ҚАҒИДАСЫНЫҢ МӘНІ МЕН ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақала Қазақстандағы әкімшілік сот ісін жүргізуде соттың белсенділігі қағидасына арналған. Бүгінгі күнде әкімшілік сот ісін жүргізудің міндет-мақсаттарына жетуде, әкімшілік құқықтық даулардың (істердің) тиімді, жан-жақты, ашық, нәтижелі қаралуы қажет. Зерттеу барысында құқық үстемдігі мен құқықтық мемлекетті құрудағы қазіргі әкімшілік юстицияның жалпы міндеттері анықталады. Әкімшілік – жария дауларды соттың диспозитивтілік, тең құқықтылық және белсенді рөлі қағидаттарын сақтай отырып қарау шарттары талданады. Нәтижесінде соттар сот ісін жүргізуде бейтарап қалмай, өзінің белсенділігімен істі жете зерттеп, маңызды мән-жайларды анықтап, кәсіби тұрғыда таным процесіне қатысып, әкімшілік органдар мен азаматтардың арасындағы теңсіздікті жоятыны талданды. Зерттеу арқылы соттың белсенді рөлі қағидасы әкімшілік әділеттің мәніне жетуде маңызды құрал болатыны, қазіргі жағдайда атқару билігіне соттық бақылауды қамтамасыз етуде аталған қағида әділдікке жетудің тиімді механизмі болатыны анықталып отыр.
Сведения
- Журнал
- Bulletin of the CAA
- Опубликовано
- 2023 · Т. 27, № 1
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2413-8614
- Издатель
- JSC "Academy of Civil Aviation
- Аффилиации
- Alikhan Bokeikhan University, Семей қ., Қазақстан Республикасы