Central AsianResearch Index

«МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАРДЫ ІС ЖҮЗІНДЕ ІСКЕ АСЫРУ ТИІМДІЛІГІНІҢ МӘСЕЛЕСІ

Ұсынылған ғылыми мақала «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына 2021 жылдың 15 қарашасында енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тәжірибеде іске асыру тақырыбын зерделеудің жалғасы болып табылады. Авторлармен жаңашылдықты іс жүзінде жүзеге асыру мәселелеріне терең талдау жасалынған, кейбіреуі бойынша нақты ұсыныстар беріледі. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алуда негіздемелік келісімдерді, рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурстық сатып алудың жаңа тәсілдерін енгізу, электрондық дүкен арқылы сатып алу әдісін қолданысқа енгізудің артықшылықтары мен қолданысқа енгізуде туындап отырған мәселелері қарастырылады. Мақаланың мақсаты мемлекеттiк сатып алу жүйесін реттейтін заң нормалары арасындағы қарама- қайшылықтарды жою, сондай-ақ қабылданған жаңа жүйенің іске қосылуына тәжірибелік талдау жасау арқылы жемқорлыққа қарсы төтеп бере алатын, ашықтықты қамтамасыз етуі тиіс жүйе қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан заңдарды өзгерту тәжірибесінің тиімділігін зерттеу болып табылады.

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 27, № 1
Язык
Казахский
Цитирований
1
ISSN
2413-8614
Издатель
JSC "Academy of Civil Aviation
Аффилиации
Alikhan Bokeikhan University, Семей қ., Қазақстан Республикасы
«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты, Семей қ., Қазақстан Республикасы