Central Asian Research Index

Вестник Казахского университета экономики финансов и международной торговли, 2023, № 2(51)

FEATURES OF THE CULTURAL CODE IN THE FORMATION OF RISK MANAGEMENT POLICY IN THE STATE SYSTEM

МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕДЕГІ ТӘУЕКЕЛ-МЕНЕДЖМЕНТ САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МӘДЕНИ КОДТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ә.С. Омарханова, А.Қ. Игібаева, А.А. Сактаева, A. Omarkhanova, A. Igibayeva, А. Saktayeva

Аннотация · Abstract

Қазіргі кезде Қазақстандағы экономика, саясат, мәдениет, әлеумет және т.б салаларында жүйелі өзгерістер болып жатыр. Елдің экономикалық даму деңгейіне генетикалық бейімділігі бар мәдени құндылықтар да әсер ететіні түсінікті. Осыған байланысты әлеуметтік-мәдени экономика, яғни экономикалық ғылымдағы жаңа перспективалық бағыты қарқын дамуын байқаймыз. Мәдениет белгілі бір қоғамның құндылығы мен мінез-құлық көзқарасы ретінде формальды және бейресми институттар арқылы әртүрлі факторларға ұшырайды, ал олардың бірі - отбасы институты. Алайда, халықтың мәдени кодындағы, оның менталитетіндегі құндылық мазмұнының өзгеруі қоғамдағы белгілі бір тәуекелдер мен тұрақсыздықтарға әкеледі. Мақаланың мақсаты-отбасы институтының мысалында мемлекеттік басқарудағы тәуекел менеджменті саясатын қалыптастырудағы мәдени кодтың ерекшеліктерін анықтау. Мақалада мемлекеттік басқару жүйесіндегі менеджмент тәуекелі саясатының өзгеруіне мәдениет пен экономиканың өзара әсерінің теориялық тәсілдері, ерекшеліктері талданады. Мақаланың жаңалығы-мәдени кодтың элементтерін құрайтын қоғам мәдениетінің даму бағыты мен дәрежесінің елдің саяси мәдениетіне, қазіргі қоғамның өмір сапасына өзара әсерін негіздеуге тырысу. Авторлар қазіргі қоғамның экономикалық көрсеткіштерін жақсартуда капиталдың әлеуметтік және мәдени матрицасының құрылымын, мәдени кодты өзгерту маңызды деп санайды. Дегенмен, олардың оң және теріс салдары болуы мүмкін. Мәдениет корпоративтік менеджмент қағидаттарының, ұлттық дәстүрлердің көрінісі ретінде мемлекеттік саясаттың көзқарастарын, институттардың өзара әрекеттесу тәсілдерін, мемлекеттік аппарат қызметінің ережелері мен тәртібін анықтайды. Бүгінгі таңда мемлекеттік басқару жүйесіндегі дәстүрлі мәдениеттің нормаларын, құндылықтары мен көзқарастарын есепке алумен қатар, басқарудың жалпы теориясының ережелерін, әлеуметтік жүйелердің жұмыс істеу қағидаларын, заңдары мен ережелерін сақтау міндеттері болып табылады. Отбасыны мәдени матрицаның құрамдас бөліктерінің бірі ретінде және оның экономикалық процестердің дамуындағы маңыздылығын қарастыра отыра, мақала авторлары экономикадағы әлеуметтік-мәдени факторларды зерттеудің негізгі тәсілдеріне шолу жасады, кейбір тәуекелдер мен қауіптерді белгіледі, мемлекеттік институттар тұрғысынан басқару тетіктері мен шараларын анықтады. Пайдаланылған зерттеу әдістері мемлекеттік басқарудағы кешенді жүйелік рәсім ретінде басқару тәуекелі саясатын қалыптастырудағы мәдени кодтың негізгі бағыттарын, белгілерін, ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік берді. At present, systemic changes are taking place in Kazakhstan in the spheres of the economy, politics, society, etc. It should be noted that the level of economic development of the country is also influenced by cultural values that have a historical path of development. In this regard, we are witnessing the dynamic development of the socio-cultural economy, that is, a new promising direction in economic science. However, a change in the value content in the cultural code of the people, in its components, including the institution of the family, leads to certain risks and instability in society. The purpose of the article is to identify the features of the cultural code in the formation of risk management policy in public administration on the example of the institution of the family. The article analyzes theoretical approaches, features of the interaction of culture and economics to change the policy of managerial risk in the public administration system. Culture as a reflection of the principles of corporate management, national traditions determines the views of state policy, the rules and procedures for the activities of the state apparatus. Considering the family as one of the components of the cultural matrix and its importance in the development of economic processes, the authors of the article gave an overview of the main approaches to the study of socio-cultural factors in the economy, identified some risks, management measures from the point of view of state institutions. The research methods used have made it possible to identify the main directions, features, and features of the cultural code in the formation of the policy of managerial risk as a complex systemic procedure in public administration.

Сведения · Details