Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІНЕ ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ ЫҚПАЛЫН БАҒАЛАУ: ASSESSING THE IMPACT OF DIGITALIZATION ON LABOR PRODUCTIVITY IN THE TOURISM SERVICES SECTOR OF KAZAKHSTAN

Бұл мақалада қазіргі таңдағы цифрлық жаһандану жағдайындағы туристік қызметті ұсынудағы еңбек өнімділігіне цифрлық технологиялардың маңызы қарастырылады. Зерттеудің барысында факторлық талдау нәтижелері арқылы туристік қызметтің тиімділігін арттырудағы цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндіктері мен мәселелері анықталады. Туристік сұранысты ынталандырып, ресурстарды бөлу тиімділігін де, ұзақ мерзімді табыстылықты да қамтамасыз етеді. Оның факторлық әрекеті экологиялық реттеуді күшейтуші әрекетімен де сабақтас. Ал, кәсіпорын деңгейінде еңбек өнімділігін арттырып, табыстылықтың артуына ықпал етеді. Цифрлық технологиялардың күнделікті қызмет көрсетуге енгізу, оны тиімді басқарушылық шешімдеріне байланысты өнімділктің қалыптасатыны негізделді. Цифрлық технологиялар туристік қызметті ұсыну сапасын басқарумен қатар, бақылауға мүмкіндік береді. Факторлық әсерлердің маңызын анықтауға беретін цифрлық технологиялар сапалы қызметті ұсынуға да септігін тигізеді. Зерттеу барысында туристік салада бағдарламаларды қолданудың өзара үйлеспеуі, оқыту шығындарының маңызын ескермеу, техникалық қолданудың жеткіліксіздігі және өзгерістергіе бейімделудің баяулулығы өнімділіктің өсуін тежеуші факторлар ретінде байқалды. Зерттеудің қорытындылары ретінде туристік саланың кәсіпорындары үшін цифрландыруды жекелеген бағдарламалары емес, кешенді стратегиялықбағыт ретінде қарастыру қажеттігі ұсынылды. Авторлармен алынған нәтижелер туризм саласындағы еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған цифрлық даму шараларын негіздеуге мүмкіндік береді. This article examines the importance of digital technologies for improving labor productivity in the tourism industry in the context of today's digital globalization. The study's factor analysis reveals the potential and challenges of using digital technologies to enhance the efficiency of tourism services. This stimulates tourism demand, ensuring both efficient resource allocation and long-term profitability. The factorial effect of digital technologies is also associated with stronger environmental regulation. At the enterprise level, this increases labor productivity and contributes to increased profitability. It has been proven that the integration of digital technologies into the daily provision of services and effective management decisions contribute to productivity. Digital technologies enable not only the management but also the monitoring of the quality of tourism services. Digital technologies, by identifying the significance of factor effects, also contribute to the provision of high-quality services. The study identified factors hindering productivity growth, including incompatible software applications in the tourism industry, ignoring the importance of training costs, insufficient technical implementation, and slow adaptation to change. The study concludes that digitalization should be viewed as a comprehensive strategic direction for tourism enterprises, rather than as isolated programs. The authors' findings provide a rationale for digitalization measures aimed at increasing labor productivity in the tourism sector.

Сведения

Опубликовано
2026 · № 3(64)
Язык
Казахский
ISSN
2304-7216
Издатель
Kazakh University of Economics, Finance and International Trade
Аффилиации
Каспий қоғамдық университеті
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
META University