КЛИМАТТЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДА БИДАЙ ӨНДІРІСІНДЕГІ АГРОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТЕРЕЗЕЛЕРДІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ: ECONOMIC ASSESSMENT OF WHEAT PRODUCTION AGROTECHNOLOGICAL WINDOWS UNDER CLIMATIC TRANSFORMATION
Климат өзгерген сайын дала жұмыстарына қолайлы кезеңдердің, яғни агротехнологиялық терезелердің, ұзақтығы да, құрылымы да өзгереді. Өзгерістердің жаздық бидай өндірісінің экономикалық тиімділігіне әсері бағаланды. Зерттеуде машина-трактор паркі қолайлы күндер ішінде қажетті жұмыс көлемін орындап үлгеретін-үлгермейтініне назар аударылды. Техниканың өнімділігі қолжетімді уақытпен салыстырылып, өндірісті климаттық өзгерістерге бейімдеудің ұйымдық-экономикалық тәсілі ұсынылды. Талдауға 1990–2025 жылдардағы ауа мен топырақ температурасының және жауын-шашынның тәуліктік деректері алынды. Есептеулерді Солтүстік Қазақстандағы бір астық шаруашылығының технологиялық және экономикалық көрсеткіштеріне сүйеніп жасадық. Техникамен жарақтандырудың екі нұсқасы салыстырылды: шаруашылықтағы қолданыстағы парк және өнімділігі жоғары парк. Салыстыру өлшемдері бұл дала жұмыстарының ұзақтығы, өндірістік шығындары мен экономикалық тиімділігі саналады. Метеодеректер бойынша көктемде де, егін жинау кезеңінде де жауын-шашынның тәуліктік ең жоғары мөлшері артқан. Ал жауын-шашынсыз ең ұзақ кезеңнің орташа ұзақтығы маусымға қарай әртүрлі өзгерген: көктемде 9,17 күннен 9,78 күнге дейін ұзарса, егін жинау кезінде 12,22 күннен 10,06 күнге дейін қысқарды. Сондықтан екі маусымды бөлек қарау керек. Пайдаланып жүрген техникамен егін жинауға 32 күн кетеді, ал жауын-шашынсыз ең ұзақ кезеңнің орташа ұзақтығы одан әлдеқайда аз. Өнімділігі жоғары техника бұл мерзімді 12 күнге дейін қысқартады. Уақыт тапшылығы толық жойылмаса да, қажетті жұмысты қолайлы кезеңде орындау мүмкіндігі артады. Бұл нұсқада жиынтық өндірістік шығындар мен тауарлық астықтың өзіндік құны төмендеп, рентабельділік өседі. Сондықтан техниканы жаңарту қажеттілігін бағалағанда тек өнімділігіне емес, климат дала жұмыстарына қанша уақыт беретініне де қарау керек. Зерттеу нәтижелері машина-трактор паркінің өнімділігін арттыру астық өндірісін климаттық тұрақсыздыққа экономикалық бейімдеудің тиімді құралы екенін көрсетеді. Ұсынылған тәсілді дала жұмыстарын орындауға климат жағдайлары бойынша қолжетімді уақыттың ұзақтығын ескере отырып, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын техникалық қайта жарақтандыруды негіздеу кезінде қолдануға болады. This study examines the economic implications of climate change for spring wheat production through its effects on the duration and structure of agrotechnological windows. Unlike conventional studies that primarily assess climate impacts in terms of crop yield, the present research adopts an organizational and economic perspective by evaluating whether the capacity of the machinery fleet is sufficient to complete field operations within climatically available time periods. The analysis is based on daily records of air temperature, soil temperature, and precipitation for 1990–2025, together with technological and economic data from a large grain-producing farm in Northern Kazakhstan. A comparative assessment was conducted between the existing machinery fleet and a high-capacity machinery system using indicators of field operation duration, production costs, and economic performance. The results show that recent climatic changes are characterized by more intense precipitation events, shorter uninterrupted dry periods, and a reduction in the time available for field operations during both sowing and harvesting seasons. Under the existing machinery configuration, the duration of key field operations exceeds the climatically available working period, increasing the risk of missing optimal agronomic deadlines. The use of high-capacity machinery substantially reduces the time required for sowing, lowers total production costs, decreases the unit cost of marketable grain, and improves farm profitability. The results show that raising the capacity of the machinery fleet is an effective way to make grain production more resistant to growing climate variability, and its economic results hold up better as a result. The approach can also support investment decisions on renewing machinery. It does so by looking at the climatically available time for field operations, not only at conventional technical or economic indicators.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · № 3(64)
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2304-7216
- Издатель
- Kazakh University of Economics, Finance and International Trade
- Аффилиации
- Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік университеті
Қазақ-Америкалық университеті
Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті