Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯСЫ: REGIONAL DIFFERENTIATION OF SALARIES OF SCHOOL TEACHERS IN THE REGIONS OF KAZAKHSTAN

Соңғы жылдары Қазақстанда білім беру саласында ауқымды реформалар жүріп, мұғалім мамандығының беделін көтеру мен жалақыны арттыру мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналды. Соған қарамастан педагогтардың табысы облыстар арасында әлі де бірдей емес. Мақала осы өңірлік айырманың көлемі мен сипатын зерттеуге арналған. Жұмыста екі мәселе қарастырылды: мұғалімдер жалақысы өңірлер арасында қаншалықты және қай жерде ажырайды, және бұл айырма облыстың экономикалық деңгейіне байланысты ма. Ол үшін Ұлттық статистика бюросы жариялаған 2022-2025 жылдардағы «Білім беру» саласының 20 өңір бойынша орташа айлық жалақысын және жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімді (ЖАӨ) алдық. Айырма вариация коэффициенті, Джини индексі мен Лоренц қисығы арқылы өлшенді, ал байланыс панельдік регрессиямен бағаланды. Салыстыруға барлық салалардағы орташа жалақы алынды. 2022 жылдан бері сала жалақысы барлық облыс пен қалада көтерілді, елде орта есеппен 29,8%-ға. Өңірлер арасындағы теңсіздік жалпы жалақымен салыстырғанда едәуір аз: 2025 жылы Джини индексі 0,048 болды, ал барлық салалар бойынша бұл көрсеткіш 0,126. Алшақтықтың басым бөлігі Астана мен Алматы қалаларына тиесілі. Осы екі қаланы есептен шығарсақ, қалған 18 өңірдің вариация коэффициенті 4%-дан аспайды. Регрессиялық талдау білім беру саласындағы жалақы мен жан басына шаққандағы ЖАӨ арасында статистикалық маңызды байланыс тапқан жоқ (серпімділік 0,07; p = 0,12), ал жалпы жалақы үшін бұл байланыс күшті (0,35; p<0,001). Мегаполис факторын ескергенде ЖАӨ-нің әсері нөлге жақындайды, ал Астана мен Алматыдағы жалақы басқа өңірлерден орта есеппен 36% жоғары. Нәтижелер орталықтандырылған тарифтік жүйенің мұғалімдер жалақысын өңірлердің экономикалық әлеуетінен едәуір дәрежеде ажыратып отырғанын көрсетеді. Дегенмен шикізат өндіретін облыстарда білім беру саласының жалақысы өңірдегі орташа жалақының жартысына ғана жуық, бұл кадрларды тарту тұрғысынан қосымша тәуекел тудыруы мүмкін. Мақалада мегаполистер мен басқа өңірлер арасындағы айырманы және жалақының салыстырмалы деңгейін ескеретін ұсыныстар берілген. The article examines regional differentiation of teacher salaries in Kazakhstan in the context of education reforms. Despite state policy aimed at raising the prestige of the profession and increasing pay, teachers' earnings still differ across regions. The study aims to assess the level and structure of the interregional gap in teacher pay and to test its relationship with regional economic development. It uses data from the Bureau of National Statistics for 2022–2025 on average monthly wages in the Education sector across 20 regions and on gross regional product (GRP) per capita. The coefficient of variation, the Gini index, the Lorenz curve and a panel regression model were applied; average wages across all sectors served as a benchmark. Over four years, wages in education rose in all regions, by 29.8% nationwide. Interregional inequality in this sector is much lower than in the economy as a whole: in 2025 the Gini index was 0.048, compared with 0.126 for all sectors. Most of the gap is accounted for by the cities of Astana and Almaty; excluding them, the coefficient of variation across the remaining 18 regions does not exceed 4%. The regression analysis found no statistically significant relationship between education wages and GRP per capita (elasticity 0.07; p = 0.12), whereas for average wages across all sectors the relationship is strong (0.35; p < 0.001). Once a metropolitan dummy is included, the effect of GRP approaches zero, while wages in Astana and Almaty are on average 36% higher than elsewhere. The results suggest that the centralized pay scale largely decouples teacher salaries from regional economic capacity. At the same time, in resource-producing regions education wages amount to only about half of the regional average, which may pose additional risks for staff recruitment. The article proposes measures addressing the gap between the metropolitan cities and other regions, as well as the relative level of teacher pay.

Сведения

Опубликовано
2026 · № 3(64)
Язык
Казахский
ISSN
2304-7216
Издатель
Kazakh University of Economics, Finance and International Trade
Аффилиации
Esil University