ТҰТЫНУШЫ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ МОДЕЛЬДЕРІН Қазақстан ТӘЖІРБИЕСІНДЕ ТАЛДАУ: ANALYSIS OF CONSUMER BEHAVIOR MODELS IN THE CONTEXT OF KAZAKHSTAN
Мақалада тұтынушы мінез-құлқын түсіндірудің қазіргі заманғы тәсілдері: мінез-құлықтық экономика, сандық трансформация (онлайн бөлшек сауданың өсуі, мобильді арналар және омниканалды бөлшек сауда), тұрақты тұтыну (экологиялық құндылықтар), омниканалды стратегиялар (офлайн және онлайн арналарды интеграциялау), жекелендірілген маркетинг және әлеуметтік медиа мен ықпал етушілердің рөлі қарастырылды. Талдау үшін халықаралық зерттеулер мен есептер және Қазақстандағы статистикалық мәліметтер қолданылды. Цифрлық трансформацияның жеделдеуі; инфляция жағдайында үнемділік пен рационалдылықтың артуы; таңдаудың қолжетімді брендтерге қарай ығысуы; сондай-ақ экологиялық тұрақтылық пен әлеуметтік сенімнің маңызының артуы сяиқты негізгі үрдістер анықталды. Қазақстанда жан басына шаққандағы ЖІӨ салыстырмалы түрде төмен болғанына қарамастан, цифрлық сауаттылық пен интернетке қолжетімділік өте жоғары, бұл электрондық коммерцияның қарқынды өсуіне онлайн бөлшек сауда сатылымының үлесінің дейін артуына ықпал етті. Сонымен бірге экономикалық күтпеген жағдайлардың (пандемия, санкциялар, инфляция) орын алуы тұтынушыларға сақ болуын, яғни қазақстандық тұтынушылар жеңілдіктер іздеп, арзанырақ тауарлар мен жергілікті брендтерге көшуіне алып келді. Жасалған қорытындылар халықаралық модельдердің жергілікті тәжірибемен расталатынын, бірақ оларды ұлттық ерекшеліктерді (нарық құрылымы, тұтынушылық құндылықтар, технологиялық инфрақұрылым) ескере отырып қарастыру қажеттігін көрсетеді. Жылдам өзгеріп жатқан жағдайларды ескере отырып, әрі қарай зерттеу жүргізу және теорияларды дамыту ұсынылды. Modern approaches to explaining consumer behavior: behavioral economics, digital transformation (growth of online retail, mobile channels, and omnichannel retail), sustainable consumption (environmental values), omnichannel strategies (integration of offline and online channels), personalized marketing, and the role of social media and influencers were examined. International studies and reports, as well as statistical data from Kazakhstan, were used for the analysis. Key trends were identified, such as the acceleration of digital transformation; increased frugality and rationality amid inflation; a shift in choices toward accessible brands; as well as the growing importance of environmental sustainability and social trust. Despite a relatively low GDP per capita in Kazakhstan, digital literacy and internet access are very high, which has contributed to the rapid growth of e-commerce and the increase in the share of online retail sales. At the same time, the occurrence of economic shocks (pandemic, sanctions, inflation) led consumers to become more cautious, with Kazakh consumers seeking discounts and shifting to cheaper goods and local brands. The conclusions drawn indicate that international models are confirmed by local practice, but they must be considered in light of national specifics (market structure, consumer values, technological infrastructure). Considering the rapidly changing circumstances, further research and the development of theories were recommended.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · № 3(64)
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2304-7216
- Издатель
- Kazakh University of Economics, Finance and International Trade
- Аффилиации
- Астана халықаралық университеті
Каспий қоғамдық университеті,
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті