Central AsianResearch Index

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ: ASSESSMENT OF THE INVESTMENT ATTRACTIVENESS OF SHYMKENT CITY

Мақала Шымкент қаласының инвестициялық тартымдылығының қарқынды өсуін талдауға арналған,макроэкономикалық көрсеткіштерді, инфрақұрылымды және әлеуметтік-экономикалық факторларды талдауды қоса алғанда, қаладағы экономикалық жағдайға шолу жасалды. SWOT-талдауды пайдалана отырып, Шымкент инвестициялық ахуалының күшті және әлсіз жақтары анықталды, сондай-ақ әлеуетті инвесторлар үшін мүмкіндіктер мен тәуекелдер айқындалды.Инвестицияларды тартуға бағытталған қолданыстағы инвестициялық жобалар мен бастамалар талданды және мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі бағаланды.Зерттеу нәтижелері Шымкент дамыған индустриялық аймақ пен тиімді географиялық жағдайға байланысты айтарлықтай инвестициялық әлеуетке ие екенін көрсетті.Алайда, инвестициялық тартымдылықты одан әрі арттыру үшін әкімшілік кедергілерге және инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуына байланысты бірқатар проблемаларды шешу қажет.Жүргізілген талдау негізінде мемлекеттік органдар мен жеке инвесторлар үшін инвестициялық ахуалды жақсартуға және қала экономикасының басым салаларына инвестициялар тартуға бағытталған ұсынымдар әзірленді.Сондай-ақ Шымкентті Қазақстандағы инвестициялық тартымдылық бойынша көшбасшылардың бірі ретінде көрсете отырып, отандық және шетелдік инвестицияларды тартудағы дамыған индустриялық аймақтардың түйінді рөлі атап көрсетілген. Мақала қаланың бизнес-идеяларын іске асыру әлеуетін бағалауға ұмтылатын мемлекеттік органдар үшін де, жеке инвесторлар үшін де пайдалы болуы мүмкін. The article analyzes the dynamic growth of the investment attractiveness of Shymkent, provides an overview of the economic situation in the city, including an analysis of macroeconomic indicators, infrastructure and socio-economic factors. SWOT analysis revealed the strengths and weaknesses of Shymkent's investment climate, as well as identified opportunities and risks for potential investors. The existing investment projects and initiatives aimed at attracting investments are analyzed, and the effectiveness of government support measures is assessed. The results of the study showed that Shymkent has significant investment potential due to its developed industrial zone and advantageous geographical location. However, in order to further increase the investment attractiveness, it is necessary to solve a number of problems related to administrative barriers and insufficient infrastructure development. Based on the analysis, recommendations have been developed for government agencies and private investors aimed at improving the investment climate and attracting investments in priority sectors of the city's economy. The article can be useful for both government agencies and private investors seeking to assess the potential of implementing the city's business ideas. The article highlights the key role of developed industrial zones in attracting domestic and foreign investment, presenting Shymkent as one of the leaders in terms of investment attractiveness in Kazakhstan.

Сведения

Опубликовано
2025 · № 2(59)
Язык
Казахский
ISSN
2304-7216
Издатель
Kazakh University of Economics, Finance and International Trade
Аффилиации
Мұқтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті, Шымкент қ., Қазақстан
Орталық Азия инновациялық университеті Шымкент қ., Қазақстан
Auezov South Kazakhstan University , Shymkent, Kazakhstan
Central Asian Innovation University Shymkent, Kazakhstan