АГРАРЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДА ERP-ЖҮЙЕЛЕРІН ЕНГІЗУ: IMPLEMENTATION OF ERP SYSTEMS IN AGRICULTURAL ENTERPRISES
Бұл ғылыми мақалада ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында ERP жүйелерін енгізудің мүмкіндіктері қарастырылады. Жаңа технология өмірдің барлық салаларына барған сайын еніп келеді, ал ауыл шаруашылығы да одан бөлек емес. Осыдан он жыл бұрын ғана ауыл шаруашылығын басқару дәстүрлі әдістерге сүйенді. Цифрлық шешімдердің қарқынды дамуы аграрлық секторға жаңа мүмкіндіктер ашып, оның өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Зерттеудің мақсаты – аграрлық сектордың цифрлық трансформациясын жандандыратын факторларды талдау, сонымен бірге ERP жүйесінің басқару шешімдерін пайдалану тиімділігін бағалау. Зерттеу жұмысында жүйелік, салыстырмалы және SWOT талдау әдістері пайдаланылды. Аграрлық саланың ағымдағы өзекті проблемалары, егіннің ысыраптары, отчет берудегі ашықтық жетіспеушілігі және аналитикалық құралдардың аздығы анықталған. SAP және 1C-Agro құралдарының қайсысы қолайлы екенін көрсету үшін салыстырмалы талдау жүргізілді, олардың мүмкіндіктері отандық агробизнестің ерекшеліктерін ескере отырып анықталды. Отандық кәсіпорындарда табысты жұмыс жасап жатқан ERP жүйесін енгізу мысалдары келтірілген, нәтижесінде ERP жүйелері өндірісті басқару тиімділігін арттыруға, шығындарды азайтуға және ресурстардың ағынын бақылауды жақсартуға оң әсер ететіні анықталды. Кәсіпорынның ауқымына байланысты ERP жүйелерін таңдау және бейімдеу бойынша ұсыныстар берілді. This scientific article considers the possibilities of implementing ERP systems in agricultural enterprises. Technology is increasingly penetrating all spheres of life, and agriculture is no exception. Only ten years ago, agricultural management relied on traditional methods. The rapid development of digital solutions has opened new opportunities for the agricultural sector and allowed it to increase its productivity. The purpose of the study is to analyze the factors that stimulate the digital transformation of the agricultural sector, as well as to assess the effectiveness of using ERP system management solutions. The research used systemic, comparative and SWOT analysis methods. The current pressing problems of the agricultural sector, crop losses, lack of transparency in reporting and the lack of analytical tools were identified. A comparative analysis was conducted to show which of the SAP and 1C-Agro tools is more suitable, their capabilities were determined considering the specifics of domestic agribusiness. Examples of successful implementation of ERP systems in domestic enterprises are given, because of which it was found that ERP systems have a positive effect on increasing the efficiency of production management, reducing costs and improving control over the flow of resources. Recommendations were made on the selection and adaptation of ERP systems depending on the scale of the enterprise.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · № 2(59)
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2304-7216
- Издатель
- Kazakh University of Economics, Finance and International Trade
- Аффилиации
- Алматы Менеджмент Университеті Алматы қ., Қазақстан
Esil University, Астана қ.,Қазақстан
Almaty Management University Almaty, Kazakhstan
Esil University, Astana, Kazakhstan