Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНКЛЮЗИЯ ДЕҢГЕЙІНЕ БАНКТІК ЖӘНЕ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ: THE IMPACT OF BANKING AND MACROECONOMIC FACTORS ON THE LEVEL OF FINANCIAL INCLUSION IN KAZAKHSTAN

Ж.С. Мухаметжанова, Р.Д. Досжан, Ж.С. Мухаметжанова, Г.К. Жанибекова, Zh. Mukhametzhanova, R. Doszhan, Zh. Mukhametzhanova, G. Zhanibekova

Бұл мақалада 2011–2021 жылдар аралығында Қазақстандағы қаржылық инклюзия деңгейіне банктік және макроэкономикалық факторлардың әсері эмпирикалық түрде талданды. Зерттеу мақсаты – қаржылық инклюзияға ықпал ететін негізгі детерминанттарды анықтау және олардың маңыздылығын бағалау. Қаржылық инклюзия деңгейін өлшеу үшін авторлар банкоматтар саны, банктік бөлімшелер, дебеттік карталар және депозит иелерінің 1000 ересек адамға шаққандағы үлесі негізінде модификацияланған композиттік индекс әзірледі. Тәуелсіз айнымалылар ретінде қаржылық жаһандану индексі, банк секторының тұрақтылығы, активтердің рентабельдігі және жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) алынды. Зерттеу барысында көптік регрессиялық талдау әдісі қолданылды. Мәліметтерді өңдеуде R бағдарламалық ортасы пайдаланылып, мультиколлинеарлықты анықтау үшін VIF көрсеткіші, ал қалдықтардың қалыпты таралуы үшін диагностикалық тесттер жүргізілді. Сонымен қатар, модельді нақтылау үшін Акаике ақпараттық критерийіне (AIC) негізделген кезең-кезеңмен регрессиялық талдау орындалды. Алынған нәтижелер бастапқы модель қаржылық инклюзия индексінің дисперсиясының 88,6%-ын түсіндіретінін көрсетті, бірақ тек активтердің рентабельдігі статистикалық тұрғыда маңызды айнымалы ретінде ерекшеленді. Кейінгі модельдеу нәтижесінде қаржылық жаһандану индексі мен активтердің рентабельдігі айнымалыларын қамтитын оңтайлы модель құрылып, ол дисперсияның 87,18%-ын түсіндірді. Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы қаржылық инклюзияның жаһандық қаржы жүйесіне интеграция мен банк секторы тиімділігіне тәуелді екенін көрсетіп, ұлттық қаржылық саясат пен халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған шараларды жетілдіруде маңызды практикалық негіз ұсынады. This article presents an empirical analysis of the impact of banking and macroeconomic factors on the level of financial inclusion in Kazakhstan over the period from 2011 to 2021. The aim of the study is to identify key determinants of financial inclusion and assess their significance. To measure financial inclusion, the authors developed a modified composite index incorporating the number of ATMs, bank branches, debit cards, and deposit holders per 1,000 adults. Independent variables included the financial globalization index, banking sector stability, return on assets (ROA), and GDP per capita. The study employed a multiple regression analysis method. Data processing was conducted using the R programming environment. Multicollinearity was tested using the Variance Inflation Factor (VIF), and diagnostic tests were conducted to check the normality of residuals. To improve the model's specification, a stepwise regression analysis based on the Akaike Information Criterion (AIC) was applied. The results showed that the initial model explained 88.6% of the variance in the financial inclusion index, although only the return on assets variable was found to be statistically significant. A subsequent optimized model including only the financial globalization index and return on assets explained 87.18% of the variance. The findings indicate that financial inclusion in Kazakhstan is largely dependent on integration into the global financial system and the efficiency of the banking sector. The study provides important practical insights for improving financial policy and enhancing financial literacy programs in the country.

Сведения

Опубликовано
2025 · № 2(59)
Язык
Казахский
ISSN
2304-7216
Издатель
Kazakh University of Economics, Finance and International Trade
Аффилиации
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Нархоз университеті, Алматы қ., Қазақстан
Қазақ ұлттық зерттеу университеті, Алматы қ., Қазақстан
Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan
Narxoz University, Almaty, Kazakhstan
Kazakh National Research University, Almaty, Kazakhstan