Central AsianResearch Index

Y ЖӘНЕ Z ҰРПАҚТАРЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ТҰТЫНУДАҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ: Behavioral Characteristics of Generations Y and Z in Sustainable Consumption: A Comparative Analysis

А.К. Қажмұратова, Ж.Е. Какитаева, Ж.М. Тымбаева, Д.О. Сатыбалдиева, A. Kazhmuratova, Zh. Kakitayeva, Zh. Tymbayeva, D. Satybaldiyeva

Әлемдегі қоршаған орта ахуалының жыл өткен сайын нашарлауы адамдардың тұтынушылық іс-әрекетімен тығыз байланыста қарастырылады. Сондықтан да жауапты тұтыну тұжырымдамасы кеңінен талқылануда. Бұл мақалада Қазақстандағы Y және Z буын өкілдерінің тұрақты тұтынушылық мінез-құлқы зерттеліп, олардың тұрақты тұтынуға қатынасы мен тәжірибесі сарапталады. Зерттеудің сандық және салыстырмалы әдістеріне сүйене отырып, 197 респондентке онлайн сауалнама жүргізілді, оның ішінде Y буынының 101 өкілі және Z буынының 96 өкілі. Y буыны тұрақты тұтынуда біршама артық көрсеткіштерге ие болғанымен, екі ұрпақ та су мен электр энергиясын үнемдеуге басымдық береді. Z буыны экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі өндірістік және қайта өңдеу компанияларының рөліне көбірек көңіл бөледі. Зерттеу тұрақты тұтынуды ілгерілетудің мақсатты стратегияларын әзірлеу үшін тұтынушылардың мінез-құлқындағы ұрпақтық айырмашылықтарды түсінудің маңыздылығын көрсетеді. Мақалада сонымен қатар БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттары, әсіресе ТДМ 12 «жауапты тұтыну мен өндіріс» және ТДМ 13 «климаттың өзгеруіне қарсы күрес» шеңберінде қарастырылған міндеттерге тоқталып өтіледі. Тұрақты тұтынуға көшу – тек экологиялық емес, сонымен бірге экономикалық және басқарушылық мәселе ретінде де қарастырылады. Бұл бағытта үкімет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы тиімді әріптестік маңызды рөл атқарады. The global environmental situation is worsening year by year and is closely linked to people's consumer behavior. Therefore, the concept of sustainable consumption is widely discussed. This article examines the sustainable consumer behavior of representatives of generations Y and Z in Kazakhstan, analyzing their attitudes toward sustainable consumption and their related experiences. Based on quantitative and comparative research methods, an online survey was conducted with 197 respondents, including 101 from generation Y and 96 from generation Z. Although generation Y shows somewhat higher indicators of sustainable consumption, both generations prioritize saving water and electricity. Generation Z pays more attention to the role of production and recycling companies in ensuring environmental sustainability. The study highlights the importance of understanding generational differences in consumer behavior to develop targeted strategies for promoting sustainable consumption. The article also addresses the tasks outlined within the framework of the United Nations Sustainable Development Goals (SDGs) up to 2030, particularly SDG 12 "Responsible Consumption and Production" and SDG 13 "Climate Action." The transition to sustainable consumption is considered not only an environmental issue but also an economic and managerial one. Effective partnership among government, business, and civil society plays a crucial role in this area.

Сведения

Опубликовано
2025 · № 2(59)
Язык
Казахский
ISSN
2304-7216
Издатель
Kazakh University of Economics, Finance and International Trade
Аффилиации
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ., Қазақстан
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan
Satpayev University , Almaty, Kazakhstan