ТУРИЗМНІҢ ЭКОНОМИКАҒА МУЛЬТИПЛИКАТИВТІ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ: АSSЕSSMЕNT ОF THЕ MULTІРLІЕR ІMРАCT ОF TОURІSM ОN THЕ ЕCОNОMY
Әлеуметтік-экономикалық тұрғыда туризм нарығы әртүрлі салалардың қалыптасуына және олардың мақсаттарының жүзеге асырылуына тікелей және жанама түрде әсері бар. Бұл мақалада туризм индустриясының Қазақстан экономикасына мультипликативті әсерін бағалау мәселесі қарастырылады. Зерттеу мақсаты – туризмнің тікелей және жанама әсерлерін есепке ала отырып, оның жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) қосатын үлесін анықтау. Зерттеуде статистикалық талдау, салыстырмалы әдістер және контент-талдау қолданылды. WTTC және Ұлттық статистика бюросының ресми деректеріне сүйене отырып, туризм саласының мультипликативті әсер коэффициенті анықталды. Нәтижелер туризмнің тек тікелей табыспен шектелмейтінін, оның көлік, ауыл шаруашылығы, құрылыс және қызмет көрсету салаларына жанама түрде ықпал ететінін көрсетті. Сонымен қатар, еліміздегі мультипликативті әсердің төмен есептелуіне ұлттық шоттар жүйесіндегі көрсеткіштердің жетілмегендігі себеп болып отырғаны анықталды. Зерттеу нәтижелері туризм индустриясының экономикалық маңыздылығын дәлелдейді және туризмді дамыту стратегиясын жетілдіру қажеттігін алға тартады. Қазақстан экономикасының өзге де салаларына туризмнің мультипликативті әсер ету деңгейі талданып, бұл көрсеткішті арттыруға ықпал ететін факторлар сипатталған. Туризм саласы өзінің даму әлеуеті мен экономикадағы басым бағыттарының бірі ретінде танылғандықтан, оның экономикалық тиімділігін жан-жақты бағалау және ұлттық экономикаға ықпалын дәл әрі шынайы айқындау өзекті мәселе болып отыр. Осыған байланысты, халықаралық ғылыми әдістемелерге сәйкес әзірленген туризм мен қонақжайлылық индустриясының мультипликативті әсер көрсеткіштерін жыл сайынғы ұлттық статистикалық есептерге енгізу қажет. From a socio-economic perspective, the tourism market has both direct and indirect effects on the development of various industries and the achievement of their goals. This article examines the assessment of the multiplier impact of the tourism industry on Kazakhstan’s economy. The aim of the study is to determine the contribution of tourism to gross domestic product (GDP), taking into account its direct and indirect effects. Statistical analysis, comparative methods, and content analysis were used in the research. Based on official data from WTTC and the National Bureau of Statistics, the multiplier effect coefficient of the tourism sector was calculated. The results demonstrate that the impact of tourism is not limited to direct income but also indirectly influences sectors such as transportation, agriculture, construction, and services. Furthermore, the low estimation of the multiplier effect in Kazakhstan is due to underdeveloped indicators within the national accounts system. The multiplier effect of tourism on Kazakhstan’s related economic sectors has been analyzed, and the factors contributing to its enhancement have been identified. As the tourism sector is recognized as one of the priority areas with high development potential, it is essential to objectively assess its economic efficiency and its impact on the national economy. Therefore, it is necessary to annually include the indicators of the multiplier effect of tourism and hospitality industry development in Kazakhstan’s national statistical reporting, in accordance with international scientific methodologies.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · № 2(59)
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2304-7216
- Издатель
- Kazakh University of Economics, Finance and International Trade
- Аффилиации
- Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, Қарағанды қ., Қазақстан
Karaganda University of Kazpotrebsouz, Karaganda, Kazakhstan