АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН РЕТТЕУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ҰСЫНЫС: CONCEPTUALPROPOSALS FOR AREGULATION OF SOCIAL ANDECONOMIC DEVELOPMENTOF ALMATY REGION
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы аймақтық теңгерімсіздікке ерекше назар аударылған. Бұл стратегиялық құжатта жалпыұлттық саулықты нығайту мен әділетті қоғам қалыптастыру үшін кешенді реформалар қолға алынатыны атап өтілген. Қазақстанның 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында да осы бағыттағы мәселелер нақты көрсетілген. Атап айтқанда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу барысында аймақтар арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің әркелкілігі елеулі проблема ретінде танылып отыр. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру мен реформалау, экономикалық өсімді қамтамасыз етумен қатар, әлеуметтік әділеттілік қағидатын жүзеге асырудың да маңызды тетігі болып табылады. Бұл ретте аймақтарды сапалы басқару, мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді қолдану, өндірістік инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ адами капиталды дамытуға басымдық беру қажет. Осы ғылыми мақалада Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері мен оны стратегиялық тұрғыдан басқарудың тұжырымдамалық жолдары қарастырылады. Алматы облысы – республикадағы өнеркәсіптік және аграрлық әлеуеті жоғары, көпсалалы құрылымы қалыптасқан ірі өңірлердің бірі. Сондықтан оның даму әлеуетін тиімді пайдалану және өңірлік саясатты жетілдіру – елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Зерттеу барысында облыстың аграрлық және индустриялық әлеуеті, еңбек нарығының жағдайы, мемлекеттік қолдау тетіктері мен инфрақұрылымдық даму деңгейі кешенді түрде талданды. Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ), нақты көлем индексі, жұмыспен қамту мен әлеуметтік инфрақұрылым көрсеткіштері негізінде өңірдің даму динамикасына индикаторлық және салыстырмалы талдау жүргізілді. Нәтижесінде, өңірлік бағдарламалық басқару моделінің құрылымдық-логикалық үлгісі әзірленіп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған тұжырымдамалық ұсыныстар ұсынылды. Жаңа ғылыми нәтижелер ретінде мақсатты-бағдарламалық басқару тәсілінің тиімділігі, кластерлік даму тетіктері мен адами капиталға инвестиция тартудың маңыздылығы негізделді. Зерттеу қорытындылары Алматы облысының даму әлеуетін арттыруға және мемлекеттік аймақтық саясатты жетілдіруге ғылыми-тәжірибелік үлес қосады. In his 2024 Address to the Nation titled “A Just Kazakhstan: Rule of Law, Economic Growth, and Public Optimism”, President of the Republic of Kazakhstan Kassym-Jomart Tokayev emphasized the issue of regional disparities in the country’s socio-economic development. This strategic document outlines the implementation of comprehensive reforms aimed at strengthening national well-being and building a just society. Similar issues are explicitly addressed in the National Development Plan of Kazakhstan until 2025. In particular, interregional differences in socio-economic development levels are recognized as a significant challenge to achieving macroeconomic stability. Stabilizing and reforming the socio-economic conditions of regions, while ensuring economic growth, is also seen as a crucial mechanism for realizing the principle of social justice. In this context, it is necessary to improve the quality of regional governance, apply effective mechanisms of state support, modernize production infrastructure, and prioritize human capital development. This scientific article examines the specific features of socio-economic development in the Almaty region and conceptual approaches to its strategic management. As one of the largest and most diversified regions in Kazakhstan, with strong industrial and agricultural potential, Almaty region plays a key role in the country’s sustainable development. Efficient utilization of its potential and improvement of regional policy are essential factors contributing to national socio-economic stability. The study provides a comprehensive analysis of the region’s agricultural and industrial potential, labor market conditions, state support mechanisms, and level of infrastructural development. Based on indicators such as gross regional product (GRP), physical volume index, employment, and social infrastructure, indicator-based and comparative analyses of the region’s development dynamics were conducted. As a result, a structural-logical model of regional program-based management was developed, and conceptual recommendations aimed at ensuring socio-economic stability of the region were proposed. The study justifies the effectiveness of program-targeted management approaches, the relevance of cluster development mechanisms, and the importance of investing in human capital. The findings make a scientific and practical contribution to enhancing the development potential of Almaty region and improving national regional policy.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · № 2(59)
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2304-7216
- Издатель
- Kazakh University of Economics, Finance and International Trade
- Аффилиации
- Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қ., Қазақстан
Нархоз университеті, Алматы қ., Қазақстан
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы қ., Қазақстан
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық зерттеу университеті, Алматы қ., Қазақстан
D.Serikbayev East Kazakhstan technical university, Oskemen, Kazakhstan
Narxoz University , Almaty, Kazakhstan