Central AsianResearch Index

Қазақстандағы ірі өнеркәсіптік компаниялардағы көміртекті бейтараптық мүмкіндіктерін басқару: Managing carbon neutrality capabilities in large industrial companies in Kazakhstan

Мақалада жаһандық өзгерістер және орнықты даму жолындағы трансформация жағдайындағы Қазақстан ірі өнеркәсіптік компаниялардың стратегисына көміртекті бейтараптықты интеграциялау қажеттілігімен бетпе -бет келіп отырғаны қарастырылады. Бұл стратегияларды әзірлеу мен іске асыру технологиялық инновациялар, тиімді басқару тетіктері және ынталандырушы мемлекеттік саясатты үйлестіретін кешенді тәсілді талап етеді. Зерттеу барысында Қазақстанның ірі өнеркәсіптік секторларында декарбонизация шараларын енгізудің халықаралық тәжірибесіне талдау жасалып, капиталға шектеулі қолжетімділік, экологиялық жауапты шешімдердің артықшылықтарынан хабардар болмау және инновацияларды ынталандыруға арналған нақты механизмдердің болмауы сияқты негізгі кедергілер анықталды. Сонымен қатар, көміртекті бейтараптық стратегияларын жүзеге асыруда мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау шараларының (салықтық жеңілдіктер, зерттеу бағдарламаларына арналған гранттар, нормативтік -құқықтық базаны жетілдіру) маңыздылығы айқындалды. Зерттеудің негізгі нәтижелері: төменкөміртекті технологияларды енгізу энергетикалық тиімділікті арттырып, өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін және ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететінін көрсетті. Цинфрлық мониторинг платформалары нақты уақыт режімінде шығындарды бақылап, өндірістегі ауытқуларға жедел әрекет етуге жағдай жасайтыны айқындалды. Жаһандық жеткізу тізбектеріндегі Қазақстанның орнын нығайту үшін озық технологиялар мен «жасыл» жобаларға инвестиция тартуда халықаралық әріптестікті арттырудың ерекше рөлі расталды. Зерттеу барысында регрессиялық талдау, SWOT-талдау, салыстырмалы әдіс және контент-талдау қолданылды. The article examines the necessity of integrating carbon neutrality into the strategies of large industrial companies in Kazakhstan amid global changes and transformations toward sustainable development. Developing and implementing these strategies requires a comprehensive approach that combines technological innovation, effective management mechanisms, and supportive public policy. The study analyzes international experience in implementing decarbonization measures in Kazakhstan’s major industrial sectors and identifies key barriers such as limited access to capital, lack of awareness of the benefits of environmentally responsible decisions, and the absence of concrete mechanisms for stimulating innovation. In addition, the importance of state support measures in implementing carbon neutrality strategies-such as tax incentives, grants for research programs, and the improvement of the regulatory framework-is emphasized. The main findings of the research demonstrate that the adoption of low-carbon technologies enhances energy efficiency, reduces production costs, and ensures the rational use of resources. It was also found that digital monitoring platforms enable real-time emissions control and allow for prompt responses to production deviations. The special role of international cooperation in attracting investment into advanced technologies and green projects to strengthen Kazakhstan’s position in global supply chains is confirmed. The study employed regression analysis, SWOT analysis, comparative methods, and content analysis.

Сведения

Опубликовано
2025 · № 2(59)
Язык
Казахский
ISSN
2304-7216
Издатель
Kazakh University of Economics, Finance and International Trade
Аффилиации
Esil University, Астана қ., Қазақстан
«Тұран – Астана» университеті, Астана қ., Қазақстан
А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты Астана қ., Қазақстан
Esil University, Astana, Kazakhstan
Turan-Astana University, Astana, Kazakhstan
A. K. Kusainov Eurasian humanitarian Institute Astana, Kazakhstan