Central AsianResearch Index

Мал шаруашылығы өнімдерін өткізудегі электрондыҚ коммерцияның рөлі

Р.А. Егембердиев, А.М. Есиркепова, Ж. Тайбек, А.С. Есенгельдина, R. Yegemberdiyev, A. Yessirkepova, Zh. Taibek, A. Yessengeldina

Мақалада мал шаруашылығы өнімдерін өткізу үшін электрондық коммерцияны енгізу ерекшеліктері қарастырылған. Авторлар мал шаруашылығында электрондық коммерцияның даму ерекшеліктерін зерттеген ғалымдардың еңбектеріне назар аударған: электрондық коммерцияның даму қарқынына әсер ететін негізгі факторлар; блокчейн арқылы электрондық коммерция өнімдерін қадағалау жүйелері; электрондық коммерцияның жоғары тиімділігін қолдайтын логистикалық индустрияны дамыту; фермерлердің ауылдық электронды коммерцияны цифрлық жаңғыртуға дайындығы; интернеттегі ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алушылардың мінез-құлқы; ішкі және халықаралық электрондық коммерция стандарттары. Мақала авторлары мал шаруашылығында электрондық коммерцияны енгізуге әсер ететін негізгі мәселелерді анықтаған: ауылдық логистикалық инфрақұрылымның нашарлығы; шығарылған өнімдердің стандартқа сәйкес келмеуі; өнімдердің жарамдылық мерзімі қысқа болуы; ауыл тұрғындарының электрондық коммерция бойынша білім беру тәжірибесінің болмауы; ауылдық интернет жылдамдығының төмендігі; ауылдық цифрлық модернизациясының нашарлығы; мал шаруашылығы өнімдерін сататын арнайы платформалардың болмауы; электрондық коммерция қызмет көрсету орталықтарының дамымауы. Мақалада мал шаруашылығы өнімдерін электронды коммерция механизмдері арқылы өткізу бағыттары ұсынылады: жарнамалық ақпараттық ағындарды пайдалана отырып, халық арасында отандық өнімді насихаттау; мал шаруашылығы өнімдерін электронды сауда нарығында өткізу бойынша ғылыми-әдістемелік нұсқауларды әзірлеу; ауыл шаруашылығы өнімдерін пайдаланушылар туралы мәліметтерді талдау үшін электронды платформа құру; блокчейн негізінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қадағалау технологияларын енгізу. The article discusses the features of introducing e-commerce for marketing livestock products. The authors paid attention to the works of scientists who studied the features of the development of e-commerce in livestock farming: the main factors influencing the pace of development of e-commerce; e-commerce product tracking systems using blockchain; development of the logistics industry supporting higher efficiency of e-commerce; farmers' readiness for digital modernization of rural e-commerce; behavior of buyers of agricultural products on the Internet; standards for domestic and international electronic commerce. The authors of the article identified the main problems that affect the implementation of e-commerce in livestock farming: poor rural logistics infrastructure; non-compliance of manufactured products with the standard; short shelf life of products; lack of experience in e-commerce training for rural residents; low Internet speed in rural areas; weak digital modernization of rural areas; lack of a special platform for the sale of livestock products; underdevelopment of e-commerce service centers. The article recommends directions for selling livestock products through e-commerce mechanisms: promoting domestic products among the population using advertising information flows; develop scientific and methodological instructions for selling livestock products on the e-commerce market; create an electronic platform for analyzing data on users of agricultural products; implement blockchain-based tracking technologies for agricultural products.

Сведения

Опубликовано
2024 · № 1(54)
Язык
Казахский
ISSN
2304-7216
Издатель
Kazakh University of Economics, Finance and International Trade