FOOD SECURITY OF KAZAKHSTAN: CONCEPTUAL APPROACHES AND CURRENT STATE
Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде азық-түлік қауіпсіздігі маңызды орынды алатыны сөзсіз. Сол себепті де азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайы бүгінгі таңда мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың басты назарға алып отырған мәселелерінің бірі болып отыр. Бұл мақалада қазіргі әлеуметтік, экономикалық, саяси, экологиялық сипаттағы жаһандық ауқымдағы өзгерістер жағдайында азық-түлік қауіпсіздігі мемлекеттің орнығуы мен егемендігінің маңызды факторы ретінде қарастырылған. Авторлар азық-түлік қауіпсіздігі тұжырымдамасының теориялық негіздеріне талдау жүргізіп шетелдік және отандық ғалымдардың осы тақырыпта келтірілген анықтамалары қарастырылып талдаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қәзіргі азық-түлік қауіпсіздігі жағдайына талдау жүргізілген. Азық-түлік санаттарының бағасының индексі анықтала отырып, елдегі табыс деңгейі мен тұтыну шығыстарының арасында алшақтық бар екендігі анықталды. Зерттеу тақырыбын ашу үшін зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау және мәселені зерттеу мақсатында жүйелік, статистикалық талдау және салыстырмалы зерттеу әдістері қолданылды және де ұлттық статистика агенттігінің, аналитикалық ресми сайттардың мәліметтері мен статистикалық деректері қолданылып, Қазақстан Республикасының қәзіргі таңдағы заңдары мен бағдарламаларына талдау жасалған. Сонымен қатар, мақалада елдегі азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізу үшін ұсыныстар да жасалды. Food security undoubtedly occupies an important place in ensuring the national security of the State. Therefore, the issue of ensuring food security today is one of the priority issues of states and international organizations. In this article, food security is considered as the most important condition for the formation and independence of the state in the context of global changes of a modern social, economic, political, environmental nature. The authors analyzed the theoretical foundations of the concept of food security, considered the definitions of foreign and domestic scientists on this problem, and also analyzed the state of food security of the Republic of Kazakhstan. Determining the price index for food categories, it was found that there is a gap between the level of income in the country and consumption expenditures. To reveal the research topic, methods of systematic, statistical analysis and comparative research were applied in order to identify the theoretical and methodological foundations of research and study of the problem, as well as data and statistics from the National Statistical Agency, analytical official websites were used, an analysis of current laws and programs of the Republic of Kazakhstan was carried out. In addition, the article made proposals for achieving food security in the country.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · № 4(53)
- Язык
- Английский
- ISSN
- 2304-7216
- Издатель
- Kazakh University of Economics, Finance and International Trade