Роль электронных государственных услуг в реализации Целей устойчивого развития
Мақалада Қазақстан Республикасында тұрақты даму мақсаттарын іске асыру ерекшеліктері нақты қарастырылған. Авторлар тұрақты даму мақсаттарының маңызды индикаторларын бағалау мен зерттеу үшін, сондай-ақ статистикалық ақпаратты жүйелеу үшін талдамалық және салыстырмалы әдістерді кеңінен пайдаланған. Мақалада тұрақты даму тұжырымдамаларына байланысты ғалымдардың ғылыми еңбектері мен халықаралық ұйымдардың есептеріне баса назар аударылған. Талдау барысында мақала авторлары тұрақты даму мақсаттарының жаһандық рейтингінде Қазақстан Республикасының ең нашар көрсеткіштерін анықтады: «Аштықты жою», «Жақсы денсаулық және әл ауқат», «Теңсіздікті қысқарту» және «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар». Мақалада мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды жалғастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында азаматтардың мемлекеттік қызметшілермен тікелей байланысын қысқарту ұсынылды. Мақала авторлары тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша нақты ұсыныстар берді: Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттары мен мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес тұрақты даму мақсаттарының индикаторларын нақты анықтау; түрлі мемлекеттік органдар мен бизнес-құрылымдарда мүдделі тараптар арасындағы көрсеткіштерді тұрақты түрде келісіп алу; тұрақты даму мақсаттарының индикаторларын орындау мерзімдерінің бірізділігін толығымен анықтау; тұрақты дамудың негізгі мақсаттары бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру. The article covers the features of the implementation of the sustainable development goals in the Republic of Kazakhstan. The authors used analytical and comparative methods to assess the significant indicators of the sustainable development goals, as well as to systematize statistical information. The article focuses on the research of scientists and reports of international organizations related to the concepts of sustainable development. During the analysis, the authors identified the worst indicators of the Republic of Kazakhstan in the Global Ranking of the Sustainable Development Goals: "Eliminating hunger", "Good health and well-being", " Reducing inequality" and "Peace, justice and effective institutions". The article proposed to continue the digitalization of public services and reduce direct contacts of citizens with civil servants in order to prevent corruption. The authors proposed specific recommendations for the implementation of the Sustainable Development Goals: clearly define the indicators of the Sustainable Development Goals in accordance with Strategic documents and state programs of the Republic of Kazakhstan; regularly coordinate indicators between stakeholders in various state bodies and business structures; determine the sequence of deadlines for the implementation of indicators of the Sustainable Development Goals; form a state policy on key sustainable development goals.
Сведения
- Опубликовано
- 2021 · № 2(43)
- Язык
- Русский
- ISSN
- 2304-7216
- Издатель
- Kazakh University of Economics, Finance and International Trade