ANALYSIS OF THE DEVELOPMENT OF THE ADVERTISING MARKET OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
Мақалада тауарлар мен қызметтер туралы ақпаратты таратудың маркетингтік арнасы ретінде жарнама түсінігін дамытудың теориялық және практикалық ережелерін жинау және талдау негізінде Қазақстан Республикасының жарнама нарығының жағдайы мен даму бағыты талданды. Қазақстанда жарнамалық қызмет, тұтынушыларға ақпарат жеткізу құралдарының кең таралған түрлері, еліміздегі жарнама нарығын қалыптастыру және қызмет ету ерекшеліктері, сондай-ақ оны жетілдіру тәсілдері қазіргі таңда отандық ғалымдармен аз зерттеліп отырған өзекті сала болып табылады.Мақаланы жазу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, Статистика комитетінің статистикалық есептілік материалдары сондай-ақ Қазақстан Республикасының жарнама нарығын дамыту мәселелерін зерттеумен айналысатын ИМСИ Elim маркетингтік агенттігінің талдамалық есептері,TNS Central Asia компаниясының зерттеунәтижелері зерделенді. Қазақстан Республикасының жарнама нарығының қазіргі жағдайда даму үрдістері, жарнама нарығының құрылымына жарнамалық өнімдер бойынша талдау, жарнама құралдарының жылдан- жылға даму бағыттарына талдау жүргізу нәтижесінде қорытындылар жасалды.Зерттеу нәтижелері бойынша біздің ойымызша, жалпы барлық бағыттар бойынша, әсіресе сыртқы жарнама мен радио сегментінде жарнамалық қызметтер көлемінің өсуінің баяулауы байқалып отыр, осыған байланысты дәстүрлі БАҚ-тың жарнама берушілер үшін неғұрлым кең мүмкіндіктерді ұсынатын және мақсатты тұтынушылармен тікелей байланысты дамытуға ықпал ететін интернет-кеңістікке көшу мәселесі өзекті деп ойлаймыз.
Сведения
- Опубликовано
- 2020 · № 4
- Язык
- Английский
- ISSN
- 2304-7216
- Издатель
- Kazakh University of Economics, Finance and International Trade