СЫЗЫҚТЫ ЕМЕС ДИНАМИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЫҒЫСТЫРУДЫҢ БИСТАБИЛЬДІ РЕЖІМІ
Жұмыс екі реагенттің бәсекелестік өзара әрекеттесуінің кинетикасын сипаттайтын сызықты емес динамикалық жүйенің сапалық талдауына арналған, ол үш өнімнің – екі гомодимердің және кросс-өнімнің түзілуімен жүзеге асады. Жүйенің жұмыс істеуі басқару параметрімен анықталады, оның белгісі сапалық жағынан әртүрлі режимдерді ажыратады. Негізгі назар бәсекелестікті шеттетуге және көптұрақтылыққа жауап беретін режиміне аударылады. Осы мақсат үшін екі сценарий егжей-тегжейлі қарастырылады. Симметриялы сценарий: онда жүйе екі орнықты стационарлық күйге ие, ал соңғы нәтиже (X немесе Y үстемдігі) бастапқы шарттармен және сепаратрис шекарасымен анықталады; және симметриялы емес сценарий: онда бір реагенттің ішкі артықшылығы бастапқы концентрацияларға қарамастан оның жеңісіке жетуін сөзсіз етеді. Шекаралық режимдер (орнықты бірге бар болу) және (критикалық айныған тепе-теңдік) шекті жағдайлар ретінде қысқаша қарастырылады. Әдістеме стационарлық нүктелерді талдауды, Якобиан матрицасының меншікті мәндерін зерттеуді және критикалық мәніндегі бифуркациялық талдауды қамтиды. Басқарылатын факторларды (температура, pH, катализаторлар) өзгерту жүйені режимдер арасында мақсатты түрде ауыстыруға және үрдістің селективтілігін орнатыға мүмкіндік беретіні көрсетілген. Алынған нәтижелер химиялық инженерияның шеңберінен тысқары шығады: бистабильді режімі формальді түрде биологиялық «ауыстырып қосқышқа» тең және сондықтан биотехнология (селективті биосинтез, микробтық штаммдардың бәсекелестігі, синтетикалық гендік желілер) және, мүмкін, медицина үшін (бистабильді жасушалық күйлер, микробиом динамикасы, жүйені патологиялық күйден физиологиялық күйге ауыстыру) қызығушылық тудырады. Сонымен қатар критерийі қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде де қолданылады: ол ортақ ресурс үшін түрлердің бәсекелестігін және жергілікті түрлердің инвазивті түрлермен ығыстырылуын сипаттайды, ал бистабильді режим жағдайлардың бағытталған өзгеруі деградацияланған экожүйені қажетті орнықты күйге қалай ауыстыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді, бұл биоәртүрлілікті сақтау және экожүйелерді қалпына келтіру үшін маңызды.
Сведения
- Журнал
- Вестник КазАТК
- Опубликовано
- 2026 · Т. 4, № 145, С. 573-582
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1609-1817 · 2790-5802
- Издатель
- JSC Academy of Logistics and Transport