Central AsianResearch Index

САЯСИ ҚАЙPАТКЕPЛЕP-ҮМІТКЕPЛЕPДІҢ СӨЗІН СЕНТИМЕНТТІ ТАЛДАУ

Зерттеу жұмысы барысында саяси қайраткерлер-үміткерлердің ресми және бейресми сөйлеу мәтіндеріндегі эмоционалдық реңкті автоматты түрде анықтауға бағытталған сентиментті талдау тәсілдері қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – электоралды дискурста қолданылатын лексикалық, семантикалық және прагматикалық бірліктердің эмоционалдық бағасын формализациялау арқылы сентиментті талдауға бейім онтологиялық модель әзірлеу. Ұсынылған онтология Protégé ортасында OWL формализмі негізінде жасалып, сөйлеу актілері, саяси уәделер, тақырыптық бағыттар, электорат, эмоциялық реңк (оң, теріс, бейтарап), сондай-ақ стилистикалық құралдар сияқты ұғымдарды қамтиды. Object properties және Data properties қатынастары арқылы мәтіндегі бағалауыштық мағыналар анықталып, Reasoner мен SPARQL сұраныстары көмегімен жасырын семантикалық байланыстар шығарылды. Зерттеу нәтижесінде саяси қайраткерлердің риторикалық стратегияларын, электоратқа әсер ету тәсілдерін және олардың эмоционалдық ұстанымдарын автоматты түрде талдауға мүмкіндік беретін сентиментке бағытталған онтологиялық модель ұсынылды. Бұл модель саяси дискурсты сандық әдістермен бағалауға, кандидаттардың қоғамдық пікір қалыптастырудағы эмоциялық ықпалын анықтауға жағдай жасайды. Ұсынылған тәсілдер компьютерлік лингвистика, табиғи тілді өңдеу (NLP) және саяси мәтіндерді автоматты талдау салаларында кеңінен қолдануға болады. Атап айтқанда, қазақ тіліндегі электронды тезаурустарды құрастыру, мультимедиялық сұрақ-жауап жүйелерін жетілдіру, сондай-ақ интеллектуалды оқыту платформалары мен білімді автоматты бағалау жүйелерін дамытуда тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 4, № 145, С. 454-465
Язык
Казахский
ISSN
1609-1817 · 2790-5802
Издатель
JSC Academy of Logistics and Transport