FBG СЕНСОРЛАРЫ НЕГІЗІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫС КОНСТРУКЦИЯЛАРЫН ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ МОНИТОРИНГІ: ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРМЕН ДӘЛДІК ТАЛДАУЫ
Бұл жұмыста құрылыс конструкцияларын бақылауда қолданылатын Fiber Bragg Grating (FBG) сенсорларының әдістемелік негіздері мен олардың практикалық тиімділігі қарастырылды. Зерттеуде FBG сенсорларының температура мен кернеуге сезімталдығы, көп нүктелі мониторингке арналған WDM технологиясы және температуралық қателіктерді азайтатын симметриялы қос-торлы конфигурациялар сипатталды. Сенсорларды қорғаныш қаптамада орнату және агрессивті ортада ұзақмерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету тәсілдері де талданды. Алынған нәтижелер FBG сенсорларының деформацияны жоғары дәлдікпен тіркей алатынын, микрожарықтарды ерте анықтауда тиімді екенін және бірнеше сенсорды бір оптикалық талшық бойымен пайдалану арқылы кеңістіктік мониторингтің сапасын арттыратынын көрсетті. Прогностикалық SHM талдауы болжанған және нақты зақым ауырлығының жақсы сәйкестігін көрсетіп, FBG технологиясының құрылымдық денсаулық мониторингі үшін сенімді диагностикалық құрал екенін дәлелдеді.
Сведения
- Журнал
- Вестник КазАТК
- Опубликовано
- 2026 · Т. 4, № 145, С. 428-439
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1609-1817 · 2790-5802
- Издатель
- JSC Academy of Logistics and Transport