Central AsianResearch Index

АҚПАРАТТЫҚ ОРТАДА БҰЛЫҢҒЫР ЛОГИКА НЕГІЗІНДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ БОЛЖАУ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ

Мақалада ақпараттық деректер жиынтығындағы жасырын байланыстарды анықтаудың заманауи әдістерінің арасында бұлыңғыр логикалық жүйелердің ерекше орын алатыны көрсетіледі. Ақпараттық ортада бұлыңғыр логика негізінде экономикалық деректерді болжау әдістерін талдау мәселелері қарастырылады. Зерттеуде бұлыңғыр логика (fuzzy logic) мен статистикалық әдістерді қолдана отырып, қайшылықтарды шешуге арналған модель құрылады. Бұл тәсіл анықталмағандық пен белгісіздік деректер жағдайында болжау дәлдігін арттыруға көмектеседі. Ұсынылған зерттеудің жалпы шешім схемасы бірнеше негізгі кезеңдерді қамтиды: деректерді жинау, оларды алдын ала өңдеу, болжаудың нақты әдісін таңдау, ақпараттық жүйеге енгізу және нәтижелерді визуализациялау. Сонымен қатар, мақалада сыртқы дерек көздерімен (API, файлдар, мәліметтер базасы) интеграциялау әдістері ұсынылған. React негізінде деректерді жинау және сақтау модулі, алдын ала өңдеу блогы, бұлыңғыр логика мен статистикалық әдістерден тұратын болжамдау модулі, сондай-ақ экономикалық көрсеткіштерді болжау үшін визуализацияға арналған құралдар сипатталады. Осындай модульдік құрылым әртүрлі ақпарат көздерінен алынған деректерді бір орталықта өңдеуге және оларды жылдам талдауға мүмкіндік жасайды. Нәтижелер көрсеткендей, бұлыңғыр жағдайда кіріс деректеріндегі анықталмағандық пен белгісіздік мәліметтерді тиімді басқару арқылы болжам дәлдігін арттыруға мүмкіндік беретінін дәлелдейді. Зерттеу нәтижелері деректердің көп мағыналылығы мен бұлыңғыр сипатын ескере отырып, сақтандыру секторындағы тәуекелдерді бағалау және сақтандыру төлемдерін болжау үшін қолданылады. Математикалық формулалар мен алгоритмдер арқылы бастапқы деректерге константалар мен кездейсоқ факторлардың әсерінен есептеулер жүргізіліп, «өсу», «теңгерімдік» және «құлдырау» категориялары бойынша нәтижелер оңтайландырылады. Алынған нәтижелер халықтың жан басына шаққандағы экономикалық көрсеткіштерді талдау және болжау үшін пайдаланылады. Бұл модель Қазақстанның экономикалық және сақтандыру саласындағы деректерді талдауға арналған. Ұсынылған әдіс қаржы саласында, өнеркәсіпте, маркетингте және экономикалық көрсеткіштерді талдау, басқару шешімдерін қабылдау процесін жетілдіруді қажет ететін басқа да салаларда қолданылады.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 4, № 145, С. 396-405
Язык
Казахский
ISSN
1609-1817 · 2790-5802
Издатель
JSC Academy of Logistics and Transport