ТЕЖЕГІШ БЛОГЫН АВТОМАТТЫ ЖОБАЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ТАЛДАУ
Мақалада темір жол жылжымалы құрамының дискілі тежегіш блогын автоматты жобалау жүйелерінде қолданылатын бағдарламалық құралдарға салыстырмалы талдау жүргізілген. Зерттеу барысында SolidWorks, Autodesk Inventor, Компас-3D, ANSYS және MSC Adams бағдарламаларының функционалдық мүмкіндіктері бағаланды. Бағдарламалық құралдарды салыстыру үшін үшөлшемді модельдеу, параметрлік жобалау, кинематикалық және динамикалық талдау, жанасу күштерін есепке алу және көпденелі механикалық жүйелерді модельдеу критерийлері пайдаланылды. Зерттеу объектісі ретінде темір жол жылжымалы құрамында қолданылатын дискілі тежегіш блогы қарастырылды. Тежегіш блогының конструкциялық параметрлері негізінде есептік модель құрылып, бағдарламалық құралдарды талдау нәтижесінде MSC Adams бағдарламасы таңдалды. MSC Adams ортасында тежегіш блогының үшөлшемді моделі әзірленіп, оның кинематикалық және динамикалық сипаттамалары зерттелді. Модельдеу нәтижесінде қарапайым және параллелограмм контуры бар тежегіш механизмдерінің жұмыс ерекшеліктері салыстырылды. Параллелограмм контуры бар конструкцияда иінтіректер арасындағы бұрыштың тұрақты сақталатыны және тежегіш жапсырмаларының біркелкі тозуын қамтамасыз ететіні анықталды. Алынған нәтижелер MSC Adams бағдарламасының темір жол тежегіш жүйелерін автоматты жобалау және динамикалық талдау міндеттерін шешуде тиімді құрал екенін көрсетті.
Сведения
- Журнал
- Вестник КазАТК
- Опубликовано
- 2026 · Т. 4, № 145, С. 233-242
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1609-1817 · 2790-5802
- Издатель
- JSC Academy of Logistics and Transport