Central AsianResearch Index

RIS ҚОЛДАНЫЛАТЫН MISO ЖҮЙЕСІНДЕ КӨПҚАБАТТЫ FEED-FORWARD НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІ НЕГІЗІНДЕ АДАПТИВТІ ФАЗАЛЫҚ БАСҚАРУ ЖӘНЕ BEAMFORMING ӘДІСІН МОДЕЛЬДЕУ

Бұл зерттеуде нейрондық желі арқылы RIS (Reconfigurable Intelligent Surface) қолданылатын сымсыз байланыс жүйесінде beamforming және адаптивті фазалық басқару әдістерінің математикалық моделі ұсынылады. 6G желілерінде сымсыз таралу ортасын тек таратқыш пен қабылдағышта ғана емес, физикалық кеңістікте де басқару маңызды. Дәстүрлі жүйелерде таралу ортасы әдетте басқарылмайтын болып табылады. Ал RIS технологиясы электромагниттік толқындардың фазасын, амплитудасын және таралу бағытын басқарып, арнаны қайта құруға мүмкіндік береді. Бұл жұмыста 4 антенналы базалық станция, 32 элементтен тұратын RIS және бір антенналы пайдаланушыдан тұратын RIS қолдаулы MISO жүйесі қарастырылды. Базалық станция мен RIS, RIS пен пайдаланушы және базалық станция мен пайдаланушы арасындағы арналар Rayleigh fading моделі арқылы жасалды. Нейрондық желіге арналардың нақты және жорамал бөліктері кіріс атрибуттары ретінде беріліп, шығысында RIS элементтерінің фазалық ығысулары болжанды. Жүйенің өнімділігі achievable rate көрсеткішімен бағаланды. Модельдеу нәтижелері SNR артқанда жүйенің өткізу қабілеті өсетінін, RIS қолданылғанда өнімділік RIS қолданылмаған жүйеге қарағанда жақсаратынын, ал нейрондық желі арқылы фазаларды адаптивті таңдау кездейсоқ фазалық басқарудан тиімді екенін көрсетті. Сонымен қатар, фазалық кванттау биттерінің көбеюі RIS фазаларын дәлірек басқаруға мүмкіндік береді, ал imperfect CSI жағдайында жүйе өнімділігі төмендейді. RIS элементтері санының артуы шағылған арнаның күшеюіне әсер етіп, achievable rate мәнін жоғарылатады.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 4, № 145, С. 196-210
Язык
Казахский
ISSN
1609-1817 · 2790-5802
Издатель
JSC Academy of Logistics and Transport