ИМИТАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ НЕГІЗІНДЕ БІРЖОЛДЫ ТЕМІР ЖОЛ ТЕЛІМІНІҢ ӨТКІЗУ ҚАБІЛЕТІН БАҒАЛАУ
Бұл мақалада ТЭ33А тепловозымен және салмағы 3200 т құрайтын құрамдармен жүретін №3002 және №3004 екі жүк пойыздарының бағыттас қозғалысы мысалында Кұрөзек-Екпінді-Жарсу біржолды телімі үшін OpenTrack ортасындағы имитациялық модельдеу нәтижелері ұсынылған. Тұрақты блок-телімдер және жылжымалы блок-телімдер концепцияларына негізделген пойыздардың қозғалысын интервалды реттеудің екі жүйесіне сандық салыстыру жүргізілді. Бағдарламада Кұрөзек-Екпінді-Жарсу телімінің инфрақұрылымы мен пойыздардың нақты деректерін қолдана отырып, пойыздардың телім арқылы нақты жүру уақыттары, пойызаралық интервалдар және телімнің өткізу қабілеті анықталды. OpenTrack ортасындағы имитациялық модельдеу нәтижелері негізінде пойыздар қозғалысын интервалды реттеу технологиясы ретінде жылжымалы блок-телімдер концепциясы қолданылған кезде бағыттас жүрудің минималды интервалы 18-ден 12 минутқа дейін (33%) қысқаратыны, өткізу қабілеті сағатына 3,0-ден 4,5 жұп пойызға дейін (50% өсім) артатыны, ал темір жол желісінің жүктемесі 90%-дан 68%-ға дейін төмендейтіні анықталды. Радиобайланыстың істен шығу ықтималдығы 5% құрағандағы гибридті жүйе үшін телімнің өткізу қабілеті 79% жүктеме кезінде сағатына 3,8 жұпты құрайтындығын көрсетті. Алынған нәтижелер қолданыстағы біржолды темір жол желілерінде пойыздар қозғалысын интервалды реттеу жүйелерін жаңғыртудың мақсатқа сай екендігін негіздейді.
Сведения
- Журнал
- Вестник КазАТК
- Опубликовано
- 2026 · Т. 142, № 1, С. 81-89
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1609-1817 · 2790-5802
- Издатель
- JSC Academy of Logistics and Transport